Белгілі отандық әнші алғаш рет әйелі мен ұлы бар екенін жайып салды (фото)
Жарияланған күні:
"Арай" тобының әншісі Медет Көжекбаев өзінің әйелі мен ұлы бар екенін алғаш рет ел алдында мойындады. Отбасылы екенін бірнеше жыл бойы жасырып келген шоу-бизнес жұлдызы жұрттан жасырған құпиясымен бөліскен деп жазады "Ел аузында" бағадарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
"Қашаңғы жасырамын оны, жасырғаннан не пайда. Ұлым мен әйелім бар екенін бүгін бірінші рет айтып отырмын. Басында тыңдармандардан айырылып қалам ба деген ойлар болды. Ондай кезеңнен де өтесің. Біріншіден түсіндім, шынайы жанкүйер жеке өміріңе қарамайды. Ол сені әндерің мен шығармашылығың үшін бағалайды.
Қайын жұрттан да ұят болды. Әркез құпия деп жасыра бергенді ол кісілер де дұрыс түсінбей жатуы мүмкін. Сол себепті өзім осындай ойға келдім. Келіншегім де қарсы болған жоқ. Керісінше айт, көрсет деп үн қатты" , - дейді Көжекбаев.
"Арай" тобынан кетіп, біраз уақытқа өнерден шет қалып қойған әншінің шоу-бизнеске қайта оралуына сүйікті жары себепкер болған. Медет Көжекбаев қиын кезеңде қасынан табылып, өзіне демеу болған келіншегінің атын да айтты. Анықталғандай, шоу-бизнес жұлдызының жүрегін Құралай есімді қыз жаулап алған.
Ерлі-зайыптылар Асад атты ұлды тәрбилеп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Серік Ибрагимовтың әндерін "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1772134-belgili-otandyk-nsi-algas-ret-jeli-men-ly-bar-ekenin-zajyp-saldy-foto/