Жанат Бақыт Instagram-дағы жылтырақ өмірге қызығатындарға ақыл айтты
Жарияланған күні:
Танымал тележүргізуші Жанат Бақыт оқырмандарына "әлеуметтік желідегі жылтырақ өмірге" сенбеуге шақырды. Бұл туралы Жанат өзінің Instagram парақшасында жариялаған деп жазады NUR.KZ.
Тележүргізуші өз жазбасында өмірде қиналып жүрсе де, жұртқа керемет болып көрінгісі келетіндерді тілге тиек еткен.
"Инстаграм-адам өмірінің 30% ғана көрсететін құрал, елге жылтыр жағымызды көрсеткіміз келеді. Керемет үй мен көлігімізді көрсетеміз-иттей боп төлеп жүрген кредитімізді көрсетпейміз. Дәмді түрлі самса, манты, торт пісіріп салып қоямыз, ет алуға ақша таппай қалған күнгі макаронның фотосын салмаймыз. Дүркіретіп той жасап, жыртылып әншілерді шақырып-олармен суретке түсіп, лентаны фотоға толтырамыз, сол той жасау үшін алынған қарызға бола үйде күнде айқай, оны ешкім білмейді.
Ресторанда күнде достармен жүресің, қоймай шулап прямой эфирге шығасың, бірақ түнде үйге барғанда жалғызсың, көз жасыңды сыққаныңды инстаға салмайсың. Күйеуіңмен шетелге шығып, елге араларыңда "жынды маxаббат" бар екенін дәлелдеп қоймай фото саласың, ал күйеуіңнің тағы бір семьясы бар да, ажырасудың аз-ақ алдында жүріп, жүрегің қан жылап жүрсе де, елге керемет боп көрінгің келеді.
Ата-енеңмен қырылып жатып, күйеуіңе қарызға бриллиант алғызып, сырғаңды тағып "Раxмет, жаным" деп инстаграмға саласың. Немесе "Мен Лу ви тонның" оригинал сөмкесін дүкенінен алып, xалыққа мақтанып бір фотоға чииииз деп түсесің, бірақ өзің жек көретін, артыңнан қалмайтын "қозы қарын" ағашкаң фотоға түсіріп тұруы мүмкін...
Елге инстаграммен көрсетіп- қаржылай көмектесіп, әйелін тыңдап өз туыс, ата-анасына мүлде көмектеспеуі мүмкін. Арақ ішпейтініңді, намаз оқитыныңды көрсетіп, кафеге барып кальян шегіп кайф ұстайтыныңды көрсетпейсің, әйеліңнің басына орамал таққызып, оны елге көрсетесің, өзің инстаграмнан қыздарға xат жазып отырасың, оны көрсетпейсің", - деген тележүргізуші инстаграм шынайы өмір емес екенін еске салды.
"Өмір-инстаграм емес. Әр адамның жүрегінде құпиясы бар, әр отбасының сыры басқа, сол себепті әлеуметтік желідегі біреудің жылтырақ өміріне сенбеңіз, ермеңіз. Өз жолыңыз бар. Сіз единиственный экземплярсыз, Алла сізді ешкімге ұқсатпай жаратты, сондықтан әрдайым шүкір деуден шаршамаңыз", - деп сөзін түйіндеді Жана Бақыт.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1772903-zanat-bakyt-instagram-dagy-zyltyrak-mirge-kyzygatyndarga-akyl-ajtty/