Отандық шоу-бизнес өкілдері жас кезінде қандай болған?
Жарияланған күні:
Отандық әншілер өздерінің жас кезіндегі суреттерін әлеуметтік желіге жарыса жүктеуде. Шетелден келген 10 жыл бұрынғы фотосын жүктеу челленджден біздің жұлдыздар да қапы қалмады деп жазады NUR.KZ.
Жастық шағын еске алушылар арасында Мәдина Сәдуақасова мен Динара Сәтжан, Ақбота Сейтмағамбет пен Әсел Сәдуақасова бар.
Алайда Мәдина Сәдуақасова 10 жыл бұрынғы суретін емес, Instagram парақшасына 20 жыл бұрынғы суретін жүктеген.
Ал Динара Сәтжан өзінің 2009 жылы жағажай киімімен түскен суретін салған. Челленджден кенде қалғысы келмеген ол өзінің қазіргісі мен өткенін салыстырған.
Дәурен Айдарқұловқа екі рет сәби сыйлаған Ақбота Сейтмағамбет те Instagram парақшасына өзінің 16 жастағы суретін салып қойған.
Өнер иесінің шашы мен киіну стилін көпшілік қызу талқыға салып, Ақботаның жыл санап құлпыра түскенін айтуда.
"Turkiss" тобының бұрынғы әншісі Далида Дәукенова да өзінің 10 жыл бұрынғы суретін салды.
Ал желі қолданушылары кезінде "Мисс Алматы" атанған арудың келбетіндегі өзгерістерді қызу талқыға салған.
Отандық актриса Әсел Сәдуақасова Instagram парақшасында өзінің 12 жыл бұрынғы суретін жүктеді. Ол өзінің клип түсіру барысындағы қызықтарын еске алған.
Естеріңізге сала кетейік, отандық әншілердің әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1773705-otandyk-sou-biznes-kilderi-zas-kezinde-kandaj-bolgan/