Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмаханға еліктеген 6 жасар қыздың ата-анасына заңгер ескерту жасады

Жарияланған күні:

Шымкенттік кішкентай әнші, 6 жасар Инабат Жаңғалидің анасына заңгерлер ескерту жасады деп жазады "КТК" арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бағдарламаға келген Инабаттың продюсер-ағасы Асхат көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.

"Қарындасым әуел баста боянды. Оны мойындаймын. Бірақ қазір оның киімін, әндерін өзгертіп жатырмыз. Тойға анам, мен, қарындасым - үшеуміз шығамыз. Бірақ бізді бақылап жатқан адам жоқ. Тойға 20:00-де барып, екі ән айтамыз. Кейде, үшінші ән айт деп өтініш білдіреді.
Біздің демеушіміз жоқ. Ешкімнен қайыр сұрап жүрген жоқпыз. Инабаттың ақшасы тек өзіне жұмсалады", - деді Асхат.

Ал елімізге танымал заңгер Шолпан Ризабек кішкентай қыздың продюсер-ағасына ескерту жасады.

"Сіздер өздеріңіздің жандарыңызға жақын дүниені жасай бермеңіздер. Өнерде астарлы дүниелер көп. Ал алты жасар бала шаршайды. Сіздер оның денсаулығын бопсалауға алып бара жатырсыздар.

Заңда "Бала еңбегі" деген бап бар. Еш баланың еңбегін 14 жасқа дейін пайдаланып, ақша алу деген болмайды. Бала шықсын, ән айтсын! Бірақ өзіне сай айтсын", - деді.

Сондай-ақ елімізге танымал продюсер, композитор Алтын Махамбетова алты жасар баланың қандай ән айту керектігін де баяндап берді.

"Мен ұстаз ретінде, балаларды сахнаға баулу барысында бірінші қоятын талабым: бала жасына сай болу керек. Ол өзінің балалығымен тәтті болу керек. Ал Инабатты алғаш көрген кезде баланың үлкен адамға еліктегенін көрдім. Кішкентай қыздың иығын жұлып жеп, махаббат жайлы ән айтқаны мені шошытты. Оның ойында өзінің әні арқылы ұнау емес, "Кім маған қанша береді" деген ой бар.

Бұл тек Инабат емес. Мұндай балалар көп. Тіпті ата-ананың өзі біздің орталыққа "Біздің бала ән айтып, тамағын тауып жүрсе болар" деп әкеледі", - дейді Алтын Махамбетова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1774379-erke-esmahanga-eliktegen-6-zasar-kyzdy-ata-anasyna-zager-eskertu-zasady/