Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Жарияланған күні:

Ақбота Керімбекова тұңғыш ұлы Біржанның үйлену тойын дүркіретіп өткізді. Алғаш рет ене атанған әншінің қуанышына өнер иелері түгелдей жиналған деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші мейрамхананы көк түспен әсемдеген. Той қонақтары да осыған сай көк түсті киіммен келуге тырысқан.

Ақбота Керімбекованың алғашқы қуанышына ортақтасқандар қатарында Меруерт Түсіпбаева, Айгүл Иманбаева, Жазира мен Жанболат, Нұрболат Абдуллин, Абай Бегей бар.

Әншінің өзі де Insta-stories-інде тойдың ашылу салтанатымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, 15 ақпан күні әнші келіні Әйгерімнің құлағына сырға салып, құдалық өткенін айтқан болатын.

Ал 18 ақпан күні әнші келінінің бетін Өмірқұл Айниязовқа аштырды.

19 ақпан күні өткен әншінің қуанышында Гауһар Әлімбекова ән шырқады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779548-akbota-kerimbekova-lyny-jlenu-tojyn-drkiretip-tkizdi-foto-video/