Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олар гей емес": Танымал отандық актер "91" тобын жақтап шықты

Жарияланған күні:

"Бауыржан шоу" театрының актері Алмат Сақатов Оңтүстік Кореядан жеңіспен оралған "91" тобын жақтап шықты. Бұл туралы "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Өнер иесі көпшілікті жастардан құралған топты айыптамас бұрын, олардың бойынан нақты кемшілікті табуға шақырды.

"Мен "Ерболат не істеді?" деп сұрайын деп едім. "91" тобының қандай кемшілігі бар? Олар гей емес. Мен бірден айтайын. Не кемшілігі бар? Олардың киімі ме? Әлде сахнаға шығып, шыңғырып секіргені ме? Бірінші кемшілігін білу керек. Оларды халық, жастар жақсы көреді. Неге?
Менің балам да, ауылдағы ақылды адамның үйінде тәрбиеленген бала да жақсы көреді. Ол жасқа арналған топ. Олар қазір шаштарын түзеп, орындарына келе бастады", - деген актер жас кезінде өзінің де сәнге аса мән бергенін айтты.

Алмат Сақатовтың сөзінше, өзі де 18 жасында құлағын тестірген.

"14-16 жастағы жастардың ішінде қайнап жатқан қарсылық бар. Мен де сондай болғам. 18 жасымда құлағымды тесіп, үстіме былғары шалбар, былғары етік кидім. Шашымды бұйралап, театр институтында жүрдім. Әлі күнге дейін құлағымда тесік бар. Маған "Мынауың не?", "Көгілдірсің бе?" дегендер болды. Ол - сән, стиль. Сол кезде "адам өзінің ішіндегі нәрсені осылай шығарғысы келеді" деп ойладым", - дейді ағынан жарылған Алмат Сақатов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1785179-olar-gej-emes-tanymal-otandyk-akter-91-tobyn-zaktap-sykty/