Айнұр Нұрсейітова үшінші күйеуінің өзінен әлдеқайда жас болғанын мойындады
Жарияланған күні:
Үш мәрте ажырасқан Айнұр Нұрсейітова соңғы күейінің өзінен әлдеқайда жас болғанын алғаш рет мойындады. Instagram жұлдызы қайын атасы мен енесінің бұл некеге қарсы болуының басты себебі де жас айырмашылығы болғанын жеткізді деп жазады vintage.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Айнұр Нұрсейітова ұзақ уақыт бойы сүйіктісін өзімен жасты деп санап келген. Модель оның сөзіне ұрандай сенгенін жеткізді.
Оған қоса, танымал ару қызының әкесімен қалай танысқаны туралы баяндап берді.
"Ол маған әлеуметтік желіде жазды. Ішім пысып отырған кез еді. Мен жауап бердім. Ұлым екеуміз сол сәтте киноға барғалы жатқанбыз. Сосын ол да барамын деп шықты.
Алғашқы кездесуіміз солай ұлымның көзінше өтті. Ол баламды баурап алғаны сөзсіз. Өзінің осындай жылы қарым-қатынасы арқылы менің жүрегімнен орын алмақ болды.
Сол күннен бастап, біз күніге көрісетін болдық. Мен үнемі жұмыс істеп, өз-өзімді толықтай қамтамасыз ете алатын болғандықтан, дәл сол кезде маған шынымен ол танытқан қарым-қатынас, ерекше көңіл қажет болды.
Жігіт мені жақсы көретін сияқты, қалағанымның бәрін жасауға дайын, тіпті беделді отбасынан болмаса да жетістіктерге бірге жетеміз деп ойладым" , - деді Нұрсейітова.
Айтуынша, сүйіктісі оған үйленуге ұсынысты екі рет жасаған.
"Үйленуге ұсыныс болды. Екі мәрте. Біріншісінде ағалары мен бауырларының көзінше, сақинасыз. Алайда, ол дұрыс емес екенін айттым.
Сосын сақина, гүл шоғымен жасады. Ол сәттің видеосын желіге салмадым. Ел сөйлеп, тағы шулайтын еді.
Біз ешкімге, тіпті ата-анамызға айтпай барып некемізді қидық. Олар әрине, қарсы болды. Үлкен дау орын алды. Біздің тіпті тығыларға және қашарға жер таппай қалған кезіміз болды.
Менің ата-анам оның маған лайық еместігін бірден айтты.
Біріншіден, ол менен әлдеқайда кіші болып шықты. Негізі ол мені "сенімен жастымын, бір күнде туылдық" деп ұзақ уақыт бойы алдап келді.
Мен сендім. Бірақ, артынан шындықты білген соң, мен оны кешірдім. Оның басты қателігі сол еді. Өтірікті о бастан көп айтты.
Мен оған бауыр басып, сезімім пайда болған шақта бір-ақ мойындады. Сол себепті кешірдім" , - деді танымал бикеш.
"Ата-анам оны альфонс деп санады. Олар менің қасымда менен үлкен әрі білікті ер адамды көрді. Жолдасымды мен үшін әке-шешем қабылдады.
Ол олардың көңілінен шығу үшін барын салды. Өзін жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Бірақ, кейіннен ата-анам оның көп өтірік айтатынын байқап, оны ұнатпай қалды. Болашағымыз жоқ екенін бетіме айтты. Жігіт тым жас, аяғына нық тұрмаған" , - деп қайырды Нұрсейітова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1788462-ajnr-nrsejitova-sinsi-kjeuini-zinen-ldekajda-zas-bolganyn-mojyndady/