Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Гауһар Әлімбековаға жиналған қомақты қаражат қайда жұмсалады?

Жарияланған күні:

Алаяқтық жасады деп айыпталып, екі ай бұрын алты жылға бас бостандығынан айырылған әнші Гауһар Әлімбекова ақталып шықты. Осы орайда көпшілікті жұрттың қалтасынан жиналған қомақты ақшаның қайда жұмсалатыны алаңдатып қойды деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Әншіге қаражат жинап берген өнер иелері енді шотқа түскен қаражатты қайда жұмсайтынын ашып айтты.

"Ақшаға зәру болып жүрген отбасылар бар, жетім-жесірлер бар. Сондай жерлерге бөлеміз деп ниеттеніп, шешім қабылдап қойғанбыз", - дейді Ерғали Әбдірайымов.

Бұл шешімді қабылдауға, судьяның Әлімбековаға 40 мың долларды қайтаруға міндеттемегені себеп болған.

Айта кетейік, күні кеше әнші көпшіліктен жиналған қаражатты өз иелеріне қайтарып беретінін айтқан болатын.

"Халықтың ақшасының мен бір тиынын да алмаймын. Кім қанша берді, барлығы өздері қайтарып алады деп айтайын дегенмін. Мен халықтан бір тиын алуға хақым жоқ. Керісінше мен беруім керек", - деді әнші видеода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1788501-gauar-limbekovaga-zinalgan-komakty-karazat-kajda-zmsalady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 1

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Раxманберди

Соттасқан оппоненттің ақшасы қайтқан жоқ қой.Ол кісі еріккеннен сотқа берген жоқ,жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды.Рас,сот әншінің пайдасына шешім қабылдап берді,алдыңғы соттың шешімін бұзып. Бірақ,адамгершілікпен жиналған ақшаны әлгі оппонентке қайтарып беру керек қой ың-шыңсыз артынан,егер алғаны рас болса. Қуануға әлі ерте,ол кісі қайта сотқа береді.

Comment reaction
jitsu gif