Жанар Хамитова қазір Сиви Махмудидің үйінде тұрып жатқанын мойындады
Жарияланған күні:
Осыдан біраз уақыт бұрын ыдыс жуып күнелтіп жүргенін айтқан Жанар Хамитованы Сиви Махмуди өз қамқорлығына алып, мейрамханасына әнші ретінде орналастырған болатын. Одан бөлек әнші әріптесіне өз үйіне тұрақтауға да рұқсат еткен деп жазады "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бұл жайында Жанар Хамитованың өзі айтып берді.
"Бұл өзі таңғаларлық жағдай болды. Менің 13 жыл бұрын танысқан визажистім болатын. Ал ол қазір Сивимен таныс.
Сол кісі менің басымнан өткен жағдайды естіп, "Мен сен үшін өте қатты алаңдаймын. Сені Сивимен таныстырғым келеді" деп маған хабарласты.
Сиви менің тағдырым жайлы тыңдап, жағдайымды әйел ретінде түсінді. Сосын өзінің мейрамханасында әнші болуды ұсынды.
Ары қарай фотосессия, стилистер, ән жаздыру, төрт жаңа әнімнің тұсаукесері өтті. Осының өзінде Сиви біреуге продюсерлік етуді ойламаған. Оның қазір жеке кештері бар, бейнебаяны, бүкіл Қазақстанда өтуі тиіс турнесі бар.
Ол маған көмектесіп қана қойған жоқ. Сонымен қатар, өз үйіне орналасуға рұқсат берді. Қазір Сивидің үйінде тұрып жатырмын.
Оның балаларын жанымдай жақсы көремін. Себебі өз балаларымды қатты сағындым. Білесіздер ме? Біздің осындай татулығымызды естігендер қазір қауесет таратуға көшті.
Менің балаларымды тастап кеткенімді, сенімді емес екенімді Сивиге хабарласып айтады. Ал маған "Сен неге онымен жұмыс істеуге келістің? Одан да бізге кел" деп хабарласады.
Бірақ біз оларға мән беріп жатқанымыз жоқ. Қазір мен қайта ән айтып, қазақша, ағылшынша, орысша әннің сөздерін жазып жатырмын. Менің жолым болды. Тіпті бір күні өзімнің өмірім жайлы кітап та жазамын", - дейді Жанар Хамитова.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан 14 жыл бұрын "Superstar.kz" байқауында финалист атанып, "Арнау" тобының мүшесі болған Жанар Хамитова сахнадан алыстап кеткен еді.
Әнші араға 11 жыл салып алғаш рет "КТК" арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасында бой көрсетіп, жеке өміріне қатысты құпияның бетін ашқан болатын.
Сондай-ақ Жанар хамитова өзінен 12 жас күйеуінің түрік азаматы емес, алматылық қазақ екенін де жайып салған болатын.
Материалды көшіріп-басу тек "Врмея" басылымының рұқсатымен жүзеге асырылады!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1792267-zanar-hamitova-kazir-sivi-mahmudidi-jinde-tryp-zatkanyn-mojyndady/