Нұрболат Абдуллин екінші қызын қырқынан шығарды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Нұрболат Абдуллин екінші қызы Табиғатты қырқынан шығарды. Әншінің отбасындағы қуаныш жайында сәбидің кіндік анасы мен кіндік әкесі айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Марал Сатқанғалиева мен Нұржан Аташ өздерінің Instagram парақшаларына видео жариялаған.
"Табиғатым, таңдайдағы тәтті тілегімізге, лүпілдеген жүрегімізге айналдың. Кіндік қызым бүгін 40-нан шығып жатыр. Өмірің өзіңдей тәтті болсын. Осындай жып-жылы бейнежазба үшін кіндік әкесі Нұржан Аташқа рахмет. Әр үйде ойыншықтың сылдыры, балдырғанның былдыры естілсін", - деп жазды Марал Сатқанғалиева Instagram парақшасында.
Бұл ретте Нұржан Аташ та кіндік қызына тілек арнаудан кенде қалмаған. Тележүргізуші өзінің Instagram парақшасында досының қызына жылы лебізін арнады.
"Табиғат! Кеше ғана перзентханадан шығарған едік. Бүгін міне, қырқынан шығып жатыр. Бойжеткен қыз болғанын да бірге көруді нәсіп етсін", - деп жазды сәбидің Табиғаттың кіндік әкесі.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың наурыз айында Нұрболат Абдуллиннің шаңырағында екінші сәби дүниеге келді. Әншінің жұбайы Гүлфарида қыз баланы өмірге әкелген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1792852-nrbolat-abdullin-ekinsi-kyzyn-kyrkynan-sygardy-foto-video/