Желіде Айжан Байзақованың тойына шақыру билеті тарап кетті (фото)
Опубликовано:
Көпшілік осыдан біраз уақыт бұрын желіде сырға салу сәтінен видеосы тараған Айжан Байзақованың енді тойға шақыру билеттерін байқап қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақованың тойына шақырту алған достары Instagram-stories-ке жарыса сурет жүктеген. Солардың бірі танымал қазақстандық визажист Владимир Атамас.
"Өз көзіме сене алар емеспін", - деп жазған Владимир Атамас Байзақованы сурет астына белгілеп қойған.

Айта кететіні, шақырту қағаздарында тойдың Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде 2019 жылдың 7 маусымында өтетіні жазылған
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде ақ жаулық таққан Айжан Байзақоваға сырға салған сәт желіге тарап кеткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1795408-zelide-ajzan-bajzakovany-tojyna-sakyru-bileti-tarap-ketti-foto/