"52 мың теңге": Айқын арзан билет ұсынған әуе компаниясын әшкереледі
Жарияланған күні:
Әнші Айқын Төлепберген арзан билеттер ұсынатын FlyArystan әуе компаниясына наразылығын білдірді. Айтуынша, олар ұсынатын билеттер құны жарнамадағыдай қолжетімді емес. Мәселен шоу-бизнес жұлдызы Оралдан Алматыға ұшып келу үшін 52 мың теңге төлеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші FlyArystan әуе компаниясының билеттері жайлы өзінің Instagram парақшасында жазды.
Айқынның сөзінше, бортта тамақтану билет құнына кірмейді. Ол үшін қосымша ақша төлеу қажет болып шықты.
Өнер иесі тіпті жай судың өзі тегін берілмейтінін атап өтті.
"7 мың және одан сәл қымбат билеттер дейді ме? Мүлде олай емес. Мен Орал-Алматы бағытында ұшу үшін билетімді 52 мың теңгеге алдым. Ол аздай, бортта тамақтану ақылы болып шықты. Тіпті су да тегін емес, оны да сатып алу керек.
Уәде еткен арзан бағалары қайда? Жарнамалық жазбаларда басқа баға, ал іс жүзінде арзан деп отырған билеттері өте аз. Оған қоса, оларды бір ай бұрын сатып алу керек. Кеше Нұр-Сұлтанға билет іздегенмін. Онда Скат пен БекЭйр әлдеқайда арзан баға ұсынды. Жалпы, ұшақ пен қызмет көрсету керемет" , - деді Айқын Төлепберген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1796815-tipti-su-da-tegin-emes-ajkyn-arzan-bilet-syngan-ue-kompaniasyny-tirigin-skereledi/