Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кім ойлаған": Ержан Максим мен Раимның ескі видеосы жұрттың жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Ержан Максим мен Раимның ескі видеосы тарады. Ернар Айдардың әнін орындаған талантты балақай мен қазіргі хитмен бейнежазбаны мектепте түсірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: Видеодан кадрлар/ Youtube
Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: Видеодан кадрлар/ Youtube: Facebook

Видеода Раим кезекті байқауды жеңіп келген кішкентай Ержанды таныстырған.

"Ағайындар, бұл тағы да Ержан атты жігіт. "Балдәуреннен" бірінші орын иегері. Өзінің өлеңін қазір сіздерге паш етеді. Ал, паш.",- деген ол.

Осы кезде "Голос. Дети" жобасының жеңімпазы Ержан Максим бірден Ернар Айдардың орындауындағы "Жарай ма?" әнін бастап кетеді.

Бұл бейнежезбаны көрген жұрт Орал қаласынан шыққан талантты өнерпаздарға ақ тілектерін жаудырған.

"Оралдық жұлдыздар", "Екеуі де жұлдыз болып кетеді деп кім ойлаған", "Ержан баланың даусын-ай, шіркін", "Даусыңнан сенің, түріңнен", "Алланың бізге берген сыйы", "2013 жыл", "Тәттісін-ай", "Алла разы болсын" деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1797601-kim-ojlagan-erzan-maksim-men-raimny-eski-videosy-zrtty-zregin-elziretti/

pixel