Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан аруды жақтап шықты

Жарияланған күні:

Күні кеше әлеуметтік желілерде қара нәсілді азаматқа ұзатылып жатқан бойжеткеннің видеосы тарап кеткен болатын. Елімізге танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы елді шулатқан екі жастың тойына қатысты Telegram парақшасында пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы, жастар. Фото: тележүргізушінің жеке парақшасы, "Атамның басы-ай". Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Ләйлә Сұлтанқызы, жастар. Фото: тележүргізушінің жеке парақшасы, "Атамның басы-ай". Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Сұлтанқызы пікір білдірушілерге сол адамның орнына өзін қойып барып, жазба қалдыруға кеңес берген.

"Бәрі қара нәсілді жігітке тиген қызды жерден алып, жерге салып, ит терісін басына қаптап жатыр. Енді өздеріңіз елестетіп көріңіздер, сіздің де жар дегенде жалғыз қызыңыз бар. Өсті, өнді. Өте жақсы тәрбие беріп, оқыттыңыз. Үмітіңізді ақтады. Дипломды қолыңызға әкеліп берді, жасы 27-де. Ірі компанияда істейді.
Бірақ ғашығы қазақ емес. Оны естіген әкесі үйден қуды, сіз әкесінен аса алмадыңыз. Шетел асып қыз кетті, тізе құшақтап сіздер қалдыңыздар. Уақыт өтіп, сіз де, шалыңыз да шаршадыңыздар. Намыс пен елдің сөзі жібермейтін сіздер де қартайып, күнде жылайсыздар. Айдалада қыз бақытсыз, үйде сіздер бақытсызсыздар. Міне осыдан кім бақытты болды? Кімге жақсы? Көршіге ме?", - деп ашынды тележүргізуші.

Сондай-ақ Ләйлә Сұлтанқызы көпшілікті бойжеткеннің анасын кінәламауға шақырды.

"Ол қыздың анасын кінәлаудың түк керегі жоқ. Бірде-бір ана қызына "Басқаға тұрмысқа шық" деп айтпайды. Олай тәрбиелемейді. Бұл - тағдыр! Оның үстіне, сол жігіт қызды бақытты қылатын шығар, қайдан білесіздер?", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Естеріңізге сала кетейік, бойжеткеннің қара нәсілді қызға ұзатылып, сырға салынған сәті әлеуметтік желілерге таралып кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1807556-ljl-sltankyzy-kara-nsildi-zigitke-trmyska-sykkan-kazak-kyzyn-zaktap-sykty/