Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақшасын қайтар": Гүлнұр Оразымбетова өзі сатып алған әннің авторына неге ренжулі?

Жарияланған күні:

Гүлнұр Оразымбетова еліміздегі танымал дуэт Әлия Әбікен мен Қанат Үмбетовтің орындауындағы әнді осыдан бірнеше жыл бұрын ақшасын төлеп, сатып алғанын мәлім етті. Алайда туынды авторы бүгінде хитке арналған әнді Оразымбетовадан соң дуэт орындаушыларына берген деп жазады "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Гүлнұр Оразымбетова, Қанат Үмбетов, Әлия Әбікен. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Гүлнұр Оразымбетова, Қанат Үмбетов, Әлия Әбікен. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Оразымбетованың айтуынша, дау тудырған ән "Жүрегімді тыңдашы" деп аталады.

"Жанымда бол" деген әннің авторы Дәурен Сердалиев деген азамат осыдан бірнеше жыл бұрын Бағлан деген азамат арқылы маған "Жүрегімді тыңдашы" деген әнді ұсынған болатын. Мен әнді 1000 долларға сатып алдым. Бірақ ол әнді сахнаға алып шығамын деп ойламадым. Тек тойларда орындау үшін ғана алғанмын.
Сосын жақында Әлия Әбікеннің парақшасында сол әнді студияда жазып жатқанын көрдім. Сосын Бағланға хабарласып, "Мынау не жағдай?" деп сұрадым. Ал Бағланның өзі мұны білмейтінін айтты. Ал Дәурен "Сіз ол әнді шығарған жоқсыз. Теледидарда айтқан жоқсыз. Сосын мен алдым да, Әлияға бердім" дейді.

"Әлия маған алыс адам емес, жақын қайын сіңлім. Айтса, айтсын. Бірақ сен маған ақшамды қайтар" дедім. Ал Дәурен Сердалиев "Жарайды, әпке. Онда ақшаның жартысын Бағланға жіберемін. Жартысын бірнеше күннен кейін сізге беремін" деп айтқан болатын", - дейді әнші.

Гүлнұр Оразымбетова көп ұзамай Әлия Әбікенге хабарласып, істің мән-жайын түсіндірген.

"Кейін Әлияға хабарластым. Ол әннің менікі екенін білмейтінін айтты. Сонымен ақшаны қайтаратын болып келістік. Әлия "Сол кісінің ақшасын бірінші қайтарамын. Сосын мен әнді айтамын" депті авторға. Ал Дәурен Сердалиев маған "Сізге-ақ бұйырсын сол ән. Әлия айтпайтын болды, ол әнді. Айта беріңіз" дейді.

Сөйтсем, кеше ғана "Жүрегімді тыңдашы" деген ән әлеуметтік желіге жүктелді. Ол ән негізі менің ақшама сатып алынған болатын. Сондықтан Дәурен мырза! Ол ән егер енді сахнаға қадам басқан әншілер айтса, іздеу де салмас едім.

Ол ән белгілі әншілер Қанат Үмбетов пен Әлия Әбікеннің орындауында көпшілікке ұсынылып жатқаннан кейін, ол әннің ендігі іздеушісі - мен!", - деді өнер иесі.

Сондай-ақ Гүлнұр Оразымбетова бұл істе маңыздысы ақша емес екенін де айтты. Өнер иесі өзінің принципке барғанын жеткізді.

"Ұрыс-керіске бармай-ақ қояйық. Себебі артық сөздер айтылды. Кішімін деп сіз қоймадыңыз. Мәселе ақшада емес. Мен принципке бардым. Ол әннің ақшасын Әлия қайтаруға міндетті емес. Ақшасын сіз алдыңыз, орнына қойыңыз. Әндеріңіз маған ұнайды. Бірақ осы ретте кішкене қателестіңіз деп ойлаймын.

Егер інілік жолыңды көрсеткенде, мен ештең айтпаушы едім. Бірақ сіз неге өтірік сөйлейсіз? Менде барлық аудиожазба сақтаулы. Сондықтан да, кешіріңіз! Бір келісімге келейік", - деді Гүлнұр Оразымбетова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1807873-aksasyn-kajtar-glnr-orazymbetova-zi-satyp-algan-nni-avtoryna-nege-renzuli/