Шоу-бизнес әлемін "ағатайдың" көмегінсіз үш айда қалай бағындыруға болады?
Жарияланған күні:
Бүгінгі күні нағыз танымалдық - ол Интернеттегі танымалдылық. ТВ, радио және дәстүрлі БАҚ өзектілігі аяқталуға жақын қалды. Жас әртіс оның желідегі танымалдығы ақшалай пайда әкелгенін, ал әлеуметтік желілердегі жазылушылар саны өскенін армандайды. NUR.KZ IT-компаниясының ұсынып отырған қызмет түрі Интернетте сіздің атыңыз бен шығармашылығыңызды дамытуға арналған. Егер сізде әндер, клиптер болса және сіз Қазақстанда танымалдығыңызды арттырғыңыз келсе - бізге хабарласыңыз. Жасыңыз, жынысыңыз және тұратын жеріңіз маңызды емес.
Біз не ұсынамыз?
"NURSTAR" ақпараттық-жарнамалық қызметінің промо-пакеті. Біз Қазақстанның ең танымал интернет-сайттарында: NUR.KZ, "Музыка Нұр" және NURTV.KZ-да - сіз, сіздің шығармашылығыңыз, әндеріңіз және клиптеріңіз жайлы айтып береміз.
Сіз не аласыз?
NUR.KZ жаңалықтар порталы
NUR.KZ тілшілері сіз туралы 20-дан астам мақала жазады. Біз сіздің клиптеріңіз бен жеке тұлғаныздың танымалдығын арттыру үшін сайтқа баннерлік жарнама орналастырамыз, сондай-ақ NUR.KZ-тің басты бетінде клиптердің айналымын ұсынамыз. Айта кететін жайт, сайт аудиториясы айына 12 млн-нан астам оқырманды құрайды.
"Музыка NUR" музыкалық қосымшасы мен сайты
Сіздің әндеріңіз бен альбомдарыңыз "Музыка NUR" қосымшасы мен сайтында орналастыру арқылы трендте болады. Қайрат Нұртас, Ерке Есмахан, Төреғали Төреәлі және т.б. әртістермен қатар плейлистерде топ позицияларды иеленесіз. Сервис пайдаланушылары сіздің әндеріңіз бен клиптеріңіз туралы push-хабарламалар алады. Баннерлік жарнама қосымша құрал ретінде болады.
Музыкалық қосымшада 250 мыңнан астам жүктеу бар. Оның аудиториясы айына 60 мыңнан астам, ал "Музыка NUR" сайты - 1 млн бірегей пайдаланушыларды құрайды.
NURTV.KZ бейне-сервисі
NURTV.KZ-те қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің үлкен топтамасы жиналған. Сіздің клиптеріңіз Луина, Беркут, Дильназ Ахмадиева, Жанар Дұғалова, C.C. TAY, Alem Band тобының және басқалардың клиптерімен бірге видео-сервистің басты бетінде орналастырылады.
NURTV.KZ - айына 500 мыңнан астам бірегей пайдаланушылар аудиториясы мен 10 млн бейне қаралымдары бар, жылдам өсіп келе жатқан видео-платформа.
"Біз музыкалық бағытты NURTV.KZ видео-сервис аясында дамытумен белсенді айналысамыз. Қазіргі уақытта танымал орындаушылардың көптеген бейнебаяндары жинақталған. Біздің алаңымыз - жас әншілердің шығармашылығын насихаттайтын тамаша орын", - дейді NURTV.KZ бейне-сервис жетекшісі Айгүл Королева.
Әлеуметтік желілер
NUR.KZ-тің Instagram, "ВКонтакте", Facebook сынды танымал әлеуметтік желілерінде де орыс және қазақ тілдерінде арнайы парақшасы бар. Біз екі млн жазылушылардан тұратын аудиторияға сіз туралы посттар, stories және IGTV жариялаймыз.
NUR.KZ ресми беттеріндегі жарияланымдар әлеуметтік желілердегі жеке парақшаңыздағы жазылушылар санын арттыруға мүмкіндік береді.
Сіздің брендіңізді дамытуға құрамында: бренд-менеджер, журналистер, SMM-маман, контент-менеджер және дизайнеры бар кәсіби команда қатысады.
Біз продюсерлік орталық емеспіз және әндерді жазу мен клиптерді түсіруді ұсынбаймыз. Біздің басты мақсатымыз - сіздің атыңыздың, әндеріңіздің және клиптеріңіздің интернетте танымал болуына үлес қосу.
Ынтымақтастық шарттары жеке талқыланады. Қызмет құны 90 күндік пакет үшін 3 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін жетеді. Барлық клиенттер ресми шартқа қол қояды, сәйкесінше әртістің танымалдығын арттыру жұмыстары басталады
Қосымша ақпарат алу үшін сіз - aigul@corp.nur.kz e-mail бойынша хабарласа аласыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1812579-sou-biznes-lemin-agatajdy-kmeginsiz-s-ajda-kalaj-bagyndyruga-bolady/