Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Харам, таза емес": Сиви Махмудидің түнде жындарды көргені рас па?

Жарияланған күні:

Отандық танымал әнші Сиви Махмуди кезекті гастрольдік сапарында тылсым құбылысқа тап болғанын айтты. Шоу-бизнес жұлдызы жалдамалы зәулім үйде қысылып, пәтерге кіре бергеннен бастап бірден мазасы қашқанын жеткізді деп жазады "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, тылсым оқиға Қарағанды қаласында орын алған. Ол жалдамалы пәтерінде өзін жайсыз сезініп, мүлде ұйықтай алмапты.

"Гастрольдік сапар кезінде бір пәтер жалдап жаттық. Қарағанды қаласында болды. Сол пәтерге кіргеннен-ақ мазам қашты. Сол пәтерден шықтым, екі-үш күн мазам болмады.
Кейін маған ол пәтердің жақпағаны жайлы аян берілді. Харам, таза емес. Яғни, лас жер деген сияқты" , - деді әнші.

Сиви Махмуди мұндай ерекше қасиеті өзіне кімнен берілгенін де айтып берді.

"Папамның туған әпкесі жақында өмірден озды. Сол кісі кішкентайымнан айтатын. "Менде бар қасиет сенде де бар. Болашақта ол саған өтеді" деген болатын" , - деп ағынан жарылды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1814668-haram-taza-emes-sivi-mahmudidi-tnde-zyndardy-krgeni-ras-pa/