Қазақстандағы ең сәнді жұлдызды ана анықталды
Опубликовано:
Редакция өткізген сауалнама еліміздегі ең сәнді жұлдызды ананы анықтады. Оқырмандардың 616 даусын жинаған Сиви Махмуди үздіктердің үздігі атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ең сәнді жұлдызды ана" сауалнамасына 10 өнер иесі іріктеліп алынды. Дауыс беру кезінде белгілі әнші, актриса, әрі продюсер Сиви Махмуди ең көп ұпай жинап, топ жарды.
Сондай-ақ, алғашқы үштікте Ерке Есмахан мен танымал әнші Лидо да бар.
Ал тізімнің соңғы орнына "Кеш-Ю" тобының бұрынғы солисі Ақбота-Нұр Абайқызы жайғасты.

Сивидің сары түсті классикалық костюмі оқырмандырдың 616 даусын жинады.

Осылайша өнер иесі тыңдармандарын тек сұлулығымен ғана емес, сондай-ақ талғамымен де баурай алған.

Сиви Махмуди қызымен бірге.




Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1816266-kazakstandagy-e-sndi-zldyzdy-ana-anyktaldy/