Мадина Сәдуақасованың Малайзиядағы демалысы қалай өтуде
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі Мадина Сәдуақасова осы жолы жаңа жылды өзге елде қарсы алуды ұйғарған. Өнер иесі 2020 жылды отбасымен бірге Малайзияда тойлаған. Әнші қыс кезіндегі мейрамда жылы жаққа аттанып, демалып қайтқысы келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мадина Сәдуақасова қай елге барса да, өз оқырмандарымен демалысы қалай өтіп жатқанымен үнемі бөлісіп тұрады. Бұл жолы да шоу-бизнес өкілі дәстүрден аспай, Малайзияда не істеп жүргені мен көрген қызықтарын жасырмай айтуда.
Өнер иесі шетелге әдеттегідей күйеуі мен ұлымен барған. Белгілі болғандай, Сәдуақасова жаңа жылды алғаш рет ыстық жерде қарсы алған.
Сонымен қатар, жұлдызды отбасы барша отандастарын мерекемен құттықтап, жылы жақтан видео-сәлем жолдады.
"Смағұловтар отбасынан құттықтауды қабыл алыңыздар, сүйiктi Қазақ елi! Берекелi, қуанышқа, жақсылыққа толы жыл болсын! Малайзиянын Лангкави аралынын ыстығы сиякты журектерiңiзде махаббат сезiмi лауласын" - деп жазды ол.
Оған қоса, Сәдуақасова күні кеше жолдасы Олжаспен отасқандарына алты жыл болғанын атап өткен. Әнші Instagram желісінде сүйіктісіне арнайы жазба қалдырған.
"Уакыт- ай - деймiн да, тура алты жыл бұрын жұртты шулатып үйленiп едiк. Қыстың аязында, тiптi жақындарымызды шок қвлған едік. Ендi екеумiздi бiрiн бiрiнсiз қабылдай алмайды. Не дейiн, бiрге бақытты ғұмыр кеше берейiк" , - деді Мадина.
Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасова жаңа образдағы суреттерін жүктеп, елді шулатқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1834633-madina-sduakasovany-malajziadagy-demalysy-kalaj-tude/