Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасын қырып тастаған танымал тележүргізушінің қызы көптің ішек-сілесін қатырды

Жарияланған күні:

Танымал ресейлік тележүргізуші Ксения Бородинаның кіші қызы нағыз интернет жұлдызына айналды. Ата-анасының қасында жоқ болғанын сәтті пайдаланған төрт жасар Теона өз қасын қырып тастаған. Бүлдіршіннің бұл қылығы желіде қызу талқыға түсіп, көпшілікті көңілін көтерді деп жазады KAZ.NUR.KZ woman.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр/borodilya. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/borodilya. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ксения Бородина отбасында орын алған қызықты жайттармен міндетті түрде желідегілермен бөлісіп тұрады.

Бұл жолы тележүргізуші көпшілікті кішкентай қызының бір қасын қырған видоесын жариялады.

Белгілі болғандай, төрт жасар Теона ата-анасы жоқта әкесінің ұстарасын тауып алып, қасының жартысын қырып тастаған.

"Бұл бала туралы не айтуға болады? Не күлеріңді, не ашуланарыңды білмейсің. Ұстараның барлығын тығып тастасақ та, тауып алған" , - деп жазды жұлдызды ана.

Оған қоса, Бородина мұндай жағдай бірінші рет орын алып тұрмағанын айтты. Оның сөзінше, ол бұған дейін де қызын ұстарамен айна алдында тұрған сәтінен ұстап алғанын жасырмады.

Тележүргізуші перзентіне бірден бұл қылығының дұрыс емес екенін түсіндірген. Алайда, Теона анасының айтқанына құлақ аспаған көрінеді.

Уақыт өте, ол бәрібір өз ойлағанын іске асырған.

Айта кетейік, бұған дейін айнаға қарап өз түрінен шошып жылаған бүлдіршін туралы жазған едік.

Кішкентай балаға өзінің жаңа "образы" ұнамай қалса керек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1836485-kasyn-kyryp-tastagan-tanymal-telezrgizusini-kyzy-kpti-isek-silesin-katyrdy/