Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енді бармаймын": Әбдіжаппар Әлқожа отандық премиялардың әділ өтпейтінін ашып айтты

Жарияланған күні:

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа елімізде ұйымдастырылатын жүлдені табыстау шаралары әділ өтпейтінін ашып айтты. Өнер иесі "Жыл таңдауы" мен "Qazaq music awards" атты премияларда өзі де әділетсіздікке тап болғанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Екі мәрте өзі лайық болған жүлдеден қағылған әнші енді аталмыш марапаттау шараларына мүлдем барғысы жоқ. Ол номинацияда жеңіске жете алмай, ашуға булығып тіпті желіде арнайы жазба да жариялаған.

Әбдіжаппардың бұл әрекетінен кейін пермия ұйымдастырушылары да оны шақыруды қойған.

"Намысыма қатты тиді. Сол себептен, әлеуметтік желіде жазба қалдырдым. Жоба продюсері мені көрмей кетсе де жазғым келді. Менің қатарластарымның барлығы алып жатты. Тіпті, q-pop бағытындағы жігіттермен бірге шығып жаттық. Шашын бояған, құлағына сырға таққан жігіттерге премия беріп жатты. Нұрболат та шықты. Өзімнің досым, қатарласым ғой. Оған бергеннен кейін маған да беру керек еді.
Мені ренжітпей жасауға болатын еді. Не үшін бермедіңдер деп сұрағанымда "плагиат қой әніңіз" деді. Өздері таңдап алған ән, қатты ішім күйді. Береміз деп айтылған. Дауыс жинағанда да мен алтыншы орында тұрдым. 24 орында тұрғандар да алып кетіп жатыр ғой. Керек десеңіз, дауыс жинаған кезде Ерке Есмахан үш номинация алды ма? Ол кезде Ерке Есмахан бірінші мен екінші орында тұрған жоқ" , - деген әнші "Жыл таңдауы" жобасының продюсерімен араласпайтынын жеткізді.
"Жан Мұқановпен араласпаймын. Ол кісі сол жазбамнан кейін кері айналып кеткен шығар. Бірақ, мен ол кісіге амандаспай кеткен жоқпын. Сыйласса сыйласамын. Өз ісінің шебері шығар мүмкін. Бірақ, адамды қарап, менсінсінші дегім келеді. Олай бөліп тастауға, артынан сылтау айтуға болмайды ғой" , - дейді өнер иесі.

Әбдіжаппар Әлқожа "Qazaq music awards" марапаттауында да әділдік болмағанын атап өтті. Өнер иесі ол жерде тек өзі ғана емес, өзге номинацияларда да лайықты әншілер марапатталмағанын айтты.

"Енді бармаймын. "Qazaq music awards" шарасында да әділдік болған жоқ. Менің директорым сұрады "бересіздер ма номинация" деп. "Үздік әншіні береміз, үздік бейнебаянды анаған береміз" деп айтқан. Келісіліп алынған нәрсе екені көрініп тұр ғой. "Жігіттер" квартетін сырға тағатын q-pop тобымен салыстырып, "Жігіттерге" бермей қойды ғой.
Жазира мен Жанболат қандай керемет дуэт. Алды да Арман мен Ашаға беріп жіберді. Олар керек десеңіз, дуэт емес. Екі жақтан қосылған екі әнші. Ең үздік жұпқа Жазира мен Жанболат лайықты ғой негізі. Бір нәрсені айтайын, қай премия болмасын әділетсіз өтеді. Менің ойымша, Қазақстанда әділ өтетін марапаттау шарасы жоқ" , - дейді өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін Әбдіжаппар Әлқожа өз қаржысына ауыл тұрғындарына мешіт салып берген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1837403-kelisip-kojgan-bdizappar-lkoza-dil-tpejtin-otandyk-premialardy-zajyp-saldy/