Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сол күйі қалды": Нұржан Керменбаевтың Қайрат Нұртасқа ренжіп жүргені рас па

Жарияланған күні:

Отандық танымал әнші Нұржан Керменбаев бүгінгінің хитмені Қайрат Нұртасқа қатысты пікір білдіріп, ол жайлы шындықтың бетін ашты. Эстрада жұлдызы өнердегі әріптесімен дуэт жазбақ болып, алайда көздеген мақсатына жете алмаған. Шоу-бизнес өкілі аталмыш туындының шықпай қалуына не себеп болғаын жайып салды деп жазады KAZ.NUR.KZ "Youtube" желісіндегі "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/kair_n/nurzhan_kermenbayev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/kair_n/nurzhan_kermenbayev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Дуэт жазудан көш бастайтын Керменбаев Қайрат Нұртаспен неге ісі алға баспағанын жасырмай айтты. Қос әншіге өлеңнің сөзі одан кейін аранжировкасы жақпай қалып, олар ортақ туындыны шығаруды кейінге қалдырған. Алайда, жұлдызды дуэт сол күйі жарық көрген жоқ.

"Қара бала" әннің шықпай қалуының себебі мен Қайрат туралы бар ойын ортаға салды.

"Қайрат Нұртаспен дуэт жазамыз деген ой болған. Біз дуэт емес, тіпті трио жазбақ болдық. Бір студияда кездесіп кезігіп, әнді қарастырдық. Әннің сол кезде сөзі жатпады. Сосые аранжировкасын ауыстырмақ болдық. Сол күйі қалды ол. Қайраттың өз жолы, менің өз жолым бар. Ешкім ешкімге мұқтаж емес. Қайратты тыңдайтын көрермендер мені де тыңдайтын сияқты" , - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Нұржан Керменбаевтың үшінші мәрте әке атанғалы жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1837639-sol-kji-kaldy-nrzan-kermenbaevty-kajrat-nrtaska-renzip-zrgeni-ras-pa/