Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 млрд 40 млн теңге: Нұрлан Қоянбаевтың фильмі Қазақстан кино тарихында рекорд орнатты

Жарияланған күні:

Нұрлан Қоянбаевтың "Бизнес по-казахски в Корее" атты туындысы Қазақстан кино тарихындағы ең табысты фильм атанды. Белгілі әзілкештің комедиясы әйгілі "Мстители" киносын басып озып, үздіктер тізімінде топ жарған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/koyanbayevnurlan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/koyanbayevnurlan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Аталмыш жаңалықты Нұрлан Қоянбаевтың өзі де Instagram парақшасында жариялаған. Әзілкеш "Бизнес по-казахски в Корее" фильмі голливудтық кинотуындылардың алдын орағанын хабарлап, өз қуанышымен бөліскен.

"Жеңіс, құтты болсын, Ұлы дала елі! 2020 жылдың 23 қаңтары біз үшін тарихи күн! Біздің отандық фильм "Бизнес по казахски в Корее" алғаш рет голливудтық фильмдердің алдын орады! Бұған дейін ең кассалық деп есептелген голливудтық "Мстители: Финал" фильмін басып оздық! Бізді қолдаған әрбір қазақстандық көрерменге алғысым шексіз! Рахмет сіздерге! Жеңіс сіздердікі" , - деп жазды әзілкеш.

"ShowNewsKZ" сайтының хабарлауынша, 23 қаңтар күнгі мәліметтерге сай киноның кассалық жиыны 1 миллиард 40 миллион теңгені құраған. Бұған дейін екінші орында келе жатқан отандық туынды "Мстители" фильмін басып озған.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Қоянбаев кәрістер мен қазақстардың өзара ұқсастығы туралы айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1837719-1-mlrd-40-mln-tege-nrlan-koanbaevty-filmi-kazakstan-kino-tarihynda-rekord-ornatty/