Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлінің болашақ күйеу баласы тұсау кесіп, шапан киді (фото)

Жарияланған күні:

Отандық белгілі жас спортшы Дархан Нортаев болашақ қайын ағасы Төреғали Төреәлі секілді кішкентай балалардың тұсауын кесе бастады. Бұл туралы оның Instagram парақшасынан белгілі болды. Танымал әншінің қарындасы Фариза Төреәлінің сүйіктісі той кезіндегі фотосын жүктеп қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/nortayevj. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/nortayevj. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әлеуметтік желіде жарияланған фотодан шапан киіп алған Дархан Нортаевтың қазақтың ұлттық киіміндегі кішкентай баланы көтеріп тұрғанын көруге болады.

Суреттің астында танымал спортшы қолындағы бүлдіршіннің тұсауын кесу мәртебесі өзіне бұйырғанын мәлімдеді.

"Нұрислам батырдың тұсауын кестім, үлкен азамат болсын, жолы ашық, дұшпаны қашық болсын" , - деп жазып қойды Төреғалидің болашақ күйеу баласы.

Желі қолданушыларының ойынша, той иелері перзентінің Дархан секілді кәсіпқой спортшы әрі елге сыйлы азамат болуын қаласа керек.

"Құтты болсын, қадамы қайырлы болсын" , "Сенің жолыңды берсін, үлкен азамат болсын бізге жұғысты болсын", "Жарайсың, сендей чемпион болсын. Намысшыл бала болып өссін" , "Жас болып тұсау кесіп жүрсіз ба?" , "Сендей Чемпион болсын деп ниет еткен екен. Армандары орындала берсын", "Әлем чемпионы бол Алла жар болсын. Жұғысты болсын менің ұлдарыма" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Төреғалидің күйеу баласы джиу-джитсудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1838008-tregali-trelini-bolasak-kjeu-balasy-tsau-kesip-sapan-kidi-foto/