Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нүктесін қоямын": Айқын отбасылық кикілжіңдер қалай шешілетінін айтты

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген отбасында туындайтын дауларды қалай шешетінін сөз етті. Шоу-бизнес өкілі әйелі Жұлдыз Өмірғалимен арада түсініспеушілік орын алған жағдайда қандай шара қолданатынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ "НТК" арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/aikyn. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aikyn. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айқын Төлепберген отбасылық өміріндегі жайттармен бөлісті. Ол жары екеуінің арасындағы келіспеушіліктерде әрдайым соңғы сөзді өзі айтатынын жеткізді. Әншінің сөзінше, ол әрбір туындаған мәселені шешіп, нүктесін өзі қояды екен.

"Әдетте мен шешемін. Нүктесін қоямын. Мен: "егер проблема болса айт, бірге шешейік деп ұсыныс тастаймын. Ал шешілмесе, ойлап қажеті жоқ" , - деді өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепберген жеке өміріне қатысты бірқатар сырымен бөліскен болатын. Ол Жұлдыз Өмірғалимен отбасылы бола тұра, қалай қосылғанын айтып берді.

Оған қоса, әнші бірінші әйеліне қатысты бірнеше сұрақтарға жауап берген болатын. Ол алғашқы келіншегінің дәл қазір тұрмысқа шығуына қарсы екенін жеткізді. Алайда, өнер иесі бес жылдан кейін ол жақсы азамат кезіктірген жағдайда, ұзатуын өзі жасап беруге ниетті болып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1842086-nktesin-koamyn-ajkyn-otbasylyk-kikilzider-kalaj-sesiletinin-ajtty/

pixel