Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сөмкемізді тасиды": Санди Бексырға Димаштың сахнадан тыс өмірін баяндады

Жарияланған күні:

Жақында ғана Димаш Құдайбергеннің командасына қосылған отандық танымал визажист Санди Бексырға оның шынайы өмірде қандай екенін айтып берді. Белгілі бет әрлеуші ғажайып даусымен көпті таңдай қақтырып жүрген тума таланттың асқан қарапайымдылығына тәнті болған. Ол халықтың сүйікті әншісінің сахнадан тыс өмірін баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/sandi_beksirga/kudaibergenov.dimash. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/sandi_beksirga/kudaibergenov.dimash. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Димаштың жеке бет әрлеушісі атанып, арманына жеткен Санди Бексырға оны жақын тани түсіп, тіптен таңғалған. Визажист маман қазақ атын халықаралық аренада шығарып жүрген өнер иесі танымалдылыға қарамастан, сол күйі қарапайымдылығын сақтап қалғанын алға тартты.

"Қазақстанда талантты адамдар көп. Бірақ Димаш қазақ атын әлемдік деңгейде танытып жатыр. Мысалы, германиялық C.C.Catch-тің өзі Димашты танып тұрған кезде бір дастарханда марқайып риза болып қаламын. Ішімнен қуанып отырамын. Керемет деңгейде бізде мұндай бала әлі туылмады деп ойлаймын.

Әлі сондай, Димаш өзгермеген. Әлі қарапайым Димаш. Біздің қалымызды сұрап тұрады. "Тамақ іштіңдер ма?" деп, сөмкемізді көтерісіп жатады. Біз оған "көтерме, артыңнан жүре береміз" дейміз. Ол өзінің тәрбиесі деп ойлаймын. Адам өзгермеу керек.

Біздің өзіміздің қалжындарымыз бар, әзілдесіп тұрамыз. Бірақ, не дегенмен ол менің бастығым. Субординация бар. Сөйлейтін жерде сөйлейсің. Ақыл айтатын жерде ақыл айтасың. Оның образын жасарда міндетті түрде алдымен, онымен ақылдасамыз" , - деді Бексырға.

Айта кетейік, бұған дейін Санди Бексырға Димаш Құдайбергеннің жеке бет әрлеушісі болғанын хабарлаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1843119-smkemizdi-tasidy-sandi-beksyrga-dimasty-sahnadan-tys-mirin-baandady/