Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әріптеспіз": Иманбаева Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі жайлы бар ойын айтты

Жарияланған күні:

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші мәрте үйленгеніне қатысты пікір білдірді. Өнер иесі ұлының әкесімен отау құрған жас актриса жайлы бар ойын жасырмай айтты. Ол Динара Абдуллинамен жақсы таныс болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр/әлеуметтік желіден
Фото: видеодан кадр/әлеуметтік желіден: Twitter

Айгүл Иманбаева бұрынғы жолдасы Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші келіншегі туралы бар шындықты жайып салды. Белгілі болғандай, ол Динара Абдуллинамен бір театрда жұмыс істейді. Әріптес актрисалардың қарым-қатынасы бүгінде өте жақсы өрбуде.

Оған қоса, Иманбаева бұрынғы күйеуі мен жас актрисаның арасында ұшқын бар екенін гастрольдік сапарлардың бірінде сезіп қойған.

"Ел шулап кетті ғой. "Жас қызға кетіп қалыпты, бірге тұрып алыпты, біліп қойыпты" деп айтып жатты. Жоқ. Сәбиттің үшінші рет отау құрғаны 2019 жылдың соңында ғана. Ол оған дейін ол қызбен бірге тұрған да жоқ. Осы соңғы екі жылда олар кездесіп жүрді. Динара екеуміз бір театрда жұмыс істейміз. Әріптеспіз, партнерміз. Өте жақсы көремін оны. Тік мінезді, атып салып отыра беретін ашық әрі жарқын қыз. Ар жағында ешбір жасандылығы жоқ адам.

Талантты актриса, өте сұлу келіншек. Динарамен астанадағы бір гастрольге барғанымызда екеуінің арасында бір нәрсе бар екенін сезіп қойдым. Динара екеуміз де ТЮЗ-да істейміз. Ол кезде Сәбит мырза біздің директорымыз. Сол гастрольге барып, банкетте отырғанда көз қырларынан байқап қалдым. Энергия дегенді сеземіз ғой. Сәбит те сезді менің біліп қойғанымды. Дәлізге шыға бергенде келіп, маған Динараны таныстырды.

Динара болса менен қысылып, жаман болып қалды. Бірақ, мен оған "саспа, қалай болғанда да мен сені қолдаймын" дедім. Тағдыр деген нәрсе бар. Тағдырды өзіміз жасаймыз. Егерде ол сенің таңдауың, қалауың болып, екеуің бас қосып жатсаңдар мен тек қуанамын. Мен сенімен өштесетіндей, сені жау көретіндей ешқандай да себеп жоқ екенін түсіндірдім. Оған қолдау білдіріп, өз ішкі лебізімді айтқанмын" , - деді Иманбаева.

Айта кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаева жеті жыл бойы араласпай кеткен әкесіне қоңырау шалып, көз жасына ерік берген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844977-riptespiz-imanbaeva-sbit-bdihalykovty-sinsi-jeli-zajly-bar-ojyn-ajtty/