Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мүмкіндік деп түсініңіз": Ләйлә Сұлтанқызы ТЖ-ға наразы болғандарға жауап берді

Жарияланған күні:

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бір айға жарияланған төтенше жағдайға қатысты пікір білдірді. БАҚ өкілі ойын-сауық орталықтары мен кинотеатрлардың уақытша жабылуына наразылық білдірген жұртшылыққа жауап берді. Ол шектеулерге толы айды да пайдалы өткізуге болатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sultankyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/sultankyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ләйлә Сұлтанқызы бір айға созылған төтенше жағдай режиміне қатысты ойын Instagram желісі арқылы жеткізген. Тележүргізуші үкімет қабылдаған шешімді орынды деп есептейді.

"Отандық жұлдыздарда ми жоқ. Айтып жатсаң да тыңдамайды" , - депті бір әріптесім өз парақшасында. Мәселе танымал тұлғада емес. Бар ашуы: «Жасама, күнін шегер», - дегенді тыңдағысы келмейтіндердің іс әрекеті, кей сәтте заңның бәріне бір екенін ескермей жүргендерде. Не де болса, заңның аты – заң. Орындау міндет.
Билік те ақымақ емес қой, бір айға төтенше жағдай жариялайтын. Демек, алдын алатын бір дүние бар. Осындайда зайырлы мемлекеттің білімді/білікті азаматы екенімізді көрсетуіміз керек деген пікірдемін. Осы тұста Әлия Алдоңғардың соңғы посты есіме түсіп отыр. Мәскеудегі жағдаймен біз жақты салыстырған екен. Мүмкін, бізде расымен негатив ақпарат көп шығар.
Дегенмен, бір айды да пайдалы өткізуге болады ғой. Мұны да сізге берген бір мүмкіндік деп түсініңіз. Жақындарыңызға көңіл бөліңіз, уақыт тапшы боп жүріп, ескермеген дүниелерге мән беріңіз. Кітап оқыңыз, кино көріңіз" , - деп жазды Сұлтанқызы.

Айта кетейік, бұған дейін отандық жұлдыздар коронавирус салдарынан той-томалақтардың тоқтатылуына қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1845550-mmkindik-dep-tsiniiz-ljl-sltankyzy-tz-ga-narazy-bolgandarga-zauap-berdi/