Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасының інісі Мақпал Жүнісовамен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

Жарияланған күні:

Болат Назарбаев ел арасында Мақпал Жүнісова екеуі жайлы тарап кеткен түрлі қауесеттерге жауап берді. Елбасының інісі эстрада әншісімен жақын сырлас дос екенін айтты. Ол тіпті, өнер иесінің жалғыз қызы Мерейдің өкіл әкесі болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі Aina TV жобасына сілтеме жасап.

Фото: zhasalash.kz/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: zhasalash.kz/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Болат Назарбаев ер адам мен әйелдің арасында достық болмайды деп есептейтіндермен мүлдем келіспейтінін жеткізді.

Ол Мақпал Жүнісова екеуінің достығы оларға дәлел болу керек екенін алға тартты.

"Ол кісімен талай жыл таныспын. Ол шынымен-ақ маған дос болып кетті. Кейбірі айтып жатады ғой "ер адам мен әйел дос бола ма?" деп. Болғанда қандай.

Кейбірі біздің достығымызға қатысты қателесіп жатады. Мен Мақпалмен шын ниетпен доспын. Мерей деген қызына өкіл әкемін.

Қолымнан келгенше көмектесіп тұрамын. Ол Мақпал менен көп ештеңе сұрамайды. Мен байқаймын ғой. Анда-санда барғанда көмек керек болған кезде беріп қоямын.
Көбісі жақындап кетсе, "жүріп кетті" деп ойлайды. Шын ниетіммен доспын. Ол да мені солай қабылдайды" - деді Болат Назарбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Болат Назарбаев ағасы жайлы бар шындықты айтқан болатын. Ол Елбасыдан ешқашан жұмыс сұрап көрмегенін жеткізді.

Оған қоса, тұңғыш президенттің інісі Гүлжан есімді махаббаты жайлы жан сырын ақтарды. Ол сүйіктісімен қалай танысқанына айтып берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1850603-elbasyny-inisi-makpal-znisovamen-kandaj-karym-katynasta-ekenin-ajtty/