Тәуекел Мүсілім жары екеуінің махаббатқа толы ерекше видеосымен бөлісті
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі Тәуекел мен Махаббат Мүсілім желіде ерекше видео жариялап, оқырмандарын қуантып қойды. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген ыстық сезімі көрініс тапқан бейнежазба көптің көңілінен шығып, халықтың оң бағасын алуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушылары қос ғашықтың махаббатқа толы роликті тау бөктерінде әрі қазақи нақышта түсіргеніне аса тәнті болған. Instagram желісінде тарап кеткен видеодан Тәуекел мен Махаббаттың табиғат аясында жүргенін көруге болады.
Аталмыш бейнежазбаны көрген көпшілік үлкен тойдың күні де алыс емес екенін болжады. Олар ресми түрде некелесіп қойған жұп "Love story" түсірілім кезіндегі кадрларымен бөлісті деп есептейді.
"Өте тамаша, жарасымды жұпсыңар. Махаббаттарың баянды болсын" , "Қазақи үлгіде, оның үстіне кең байтақ қазақ жерінде түсіргендерін жақсы болған. Мақтауға тұрарлық" , "Тойға қызу дайындық басталған сияқты ғой. Бұл меніңше, Love story түсірілімндегі үзінділер болса керек" , - деп жазуда желідегілер.
Оған қоса, актердің жары Махаббат аталмыш роликті жүктеп, оның астына сүйіктісіне деген сезімін жеткізген.
"Сен - ерекшесің. Мен өзім аса қатты бағалайтын қасиеттердің барлығын бір сенің бойыңнан таба алдым. Сен өте ақкөңілсің, тәрбиелісің, қамқорсың, ақылдысың, сенің жүрегің аса кең. Мен осы күнге дейін сенің бойыңнан көрген жақсы қасиеттерді өте ұзақ тізіп отыра аламын. Алайда, Аллаға шүкір, екеумізге бір-бірімізді танып-білу үшін ұзақ ғұмыр берілген" - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілім сүйікті жарын туған күнімен ерекше құттықтап, оған жүрекжарды жазбасын арнаған болатын.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1856190-tuekel-msilim-zary-ekeuini-mahabbatka-toly-erekse-videosymen-blisti/