Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бос отырған жоқпыз": Әншілер қауымы өздерін шегірткеге теңегендерді сотқа бермек

Жарияланған күні:

Отандық эстрада жұлдыздары өздерін шегірткеге теңеп, ар-намысқа тиетін сөздер айтқандарды сотқа бермек. Әншілер қауымы карантин аяқталған соң, құзырлы органға жүгініп, өз құқықтарын қорғауға ниетті деп жазады KAZ.NUR.KZ "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/mayrailyassova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/mayrailyassova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бұл туралы халық әртісі Майра Ілиясова хабарлады. Ол әншілерді негізсіз сынға алған адамдармен мәселені сот жүзінде шешетінін мәлімдеді. Өнер иесінің айтуынша, эстрада өкілдері карантин аяқталған бойда жақсы адвокат жалдап, өз құқықтарын қорғауға кіріспек.

"Қазір карантин болған соң қимылдамай отырмыз. Бірақ, біз де үлкен бір елміз, қоғамбыз. Біз бос отырған жоқпыз. Карантин басылғаннан кейін шегіртке деп, жеке әншілерге ауыр сөз айтқандарды сотқа беруге болады. Мен ол кісінің атын айта алмаймын. Бірақ, Қытайдан келген қазақ дейді. Оның қыз әншілер мен әйел әншілерге айтқан әңгімесіне сүйеніп сот органдарына жүгінуге болады.

Біз қазіргі таңда соған қатысты баспасөз мәслихатын жинап, ол адамның айтқан сөздерін жазып алдық. Карантин басылғаннан кейін бізде өз құқығымызды пайдаланатын боламыз. Бізде Алматыда да, елордада да әншілер қауымы бар. Біз қазір неше түрліні естіп отырмыз. Бір нәрсе үшін ұяламын. Барлық қазақ деп айтпай-ақ қояйын.

Бірақ, көбісі аузына келгенін айтып жатыр. Шегірткеге әншілердің суретін салып жатыр. Сахнамыздың дүлділі Бибігүл Төлегенова 90жасқа келген шағында шегіртке атанып жатыр. Бұл не сұмдық? Карантин біткен кезде жақсы адвокат алып, құқығымызды қорғайтын боламыз" , - деді ол.

Майра Ілиясованың сұхбатынан үзінді Instagram желісіндегі zhuldyzdy_news парақшасында жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1858000-bos-otyrgan-zokpyz-nsiler-kauymy-zderin-segirtkege-teegenderdi-sotka-bermek/