"Ол кезде тұрмыста едім": Дильназ Ахмадиева екінші күйеуімен қалай танысқанын айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева өзінен алты жас кіші жолдасы екеуінің махаббат хикаясы қалай басталғаны туралы бар шындықты айтты. Өнер иесі сүйіктісімен танысқан уақытта тұрмыста болған. Оған қоса, ол ғашығына бірінші болып сөз айтқанын мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК телеарнасына сілтеме жасап.
Дильназ Ахмадиева екінші күйеуімен 2013 жылы "X-factor" жобасында танысқан болып шықты. Әнші әділ қазы алқасында болса, сүйіктісі ол жобаға қатысушы болып барған. Өнер иесі ол кезде тұрмыстағы келіншек еді.
Алайда, 2015 жылы ол ажырасып тынып, 2017 жылы Әзілханмен қарым-қатынасын бастаған.
"Біз 2013 жылы жобада таныстық. Ол өз тобымен музыкалық додада бақ сынап келді. Мен әділ қазы мүшесіндемін. Мен ешқашан өзімнен үлкен аталарға қарамайтынмын. Мен оған назар аудармадым. Ол кезде тұрмыста едім. Арамызда тек іскери әңгіме болды. Танысуының таныстық ол кезде. Бірақ, махаббатымыз тек бірнеше жылдан соң басталды.
2017 жылы біз бір қайырымдылық концертінде қайта кезіктік. Сол кезде көңіл-күйім болмай жүрді. Сол күні мен оны көріп, оған бардым да "саған қояр 3 сұрағым бар" дедім. "Үйленгенсің бе? деп сұрадым. Ол "жоқ" деді. Қызың бар ма дедім. Ол "жоқ" деді. Онда саған үшінші сұрақты сосын қоям дедім. Солай бәрі басталды", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1863791-ol-kezde-trmysta-edim-dilnaz-ahmadieva-ekinsi-kjeuimen-kalaj-tanyskanyn-ajtty/