Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Роза Рымбаеваның келіні": Ақерке Бүркітбай қалыңдық атанды (фото)

Жарияланған күні:

Қалың көпшілікке "Асыл" тобында өнер көрсетіп танылған әнші Ақерке Бүркітбай енді ресми түрде қалыңдық атанды. Өнер иесінің сүйіктісі оған кеше ғана үйленуге ұсыныс жасаған. Желі қолданушылары оның қазақ эстрадасының дүлділі Роза Рымбаеваның келіні атанатынын жарыса айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/akerkeburkitbay.
Фото: Instagram/akerkeburkitbay.: Instagram

Ақерке Бүркітбай өміріндегі қуанышты жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

Ол қолындағы сақинасын көрсетіп түскен фотосын жариялап, оқырмандарына алдағы уақытта тұрмысқа шығатынын жеткізді.

Желі қолданушыларының пайымдауынша, қалыңдық өмірлік серігін өзі күйіп-пісіп жүрген шоу-бизнес ортасынан тапқан.

Олар Ақерке Бүркітбайдың таңдауы Әли Оқаповқа түскеніне сенімді.

"Әйтеуір жеттік осы күнге, Әли Ақерке бақытты болыңдар" , "Роза Рымбаеваның су жаңа келіні" , "Әлимен шын бақытты бол", "Роза Рымбаеваның келіні құтты болсын" , "Қанша жыл жасырып келдіңдер. Халық бәрібір біледі ғой. Әли екеуің шынымен жарасымды жұпсыңдар" , - деп жазуда олар.

Қос жұлдыздың кездесіп жүргені жайлы қауесеттер бұрыннан бері келе жатыр. Алайда, екі тарап та өз қарым-қатынасын не растап, не теріске шығарған емес.

Оның үстіне Ақерке мен Әли кеше ғана белгілі телепродюсер Тимур Балымбетовтың некелесуінде жігіт жолдас пен қыз жолдас болып қайтқан. Олар достарының қуанышына арнайы бірдей киім тіктіріп, ел назарын өздеріне аударды.

Қызығы, Ақерке Бүркітбай аталмыш мерекелік шарадан кейін кешкі уақытта сүйіктісіне "иә" деп айтып, қалыңдық атанғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1864056-roza-rymbaevany-kelini-nsi-akerke-brkitbaj-kalydyk-atandy-foto/