"Аты - Зейдан": Дильназ Ахмадиева ұлымен түскен ерекше суретімен бөлісті
Жарияланған күні:
Отандық эстраданың жарық жұлдызы Дильназ Ахмадиева ұлымен түскен ерекше фотосымен бөлісіп, оның есімін жария етті. Әнші мен оның жолдасы тұңғышына Зейдан деген ат берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дильназ Ахмадиева Instagram парақшасында сәбиімен түскен суретін жариялап, барша оқырмандарын қуантып қойды. Әншінің ұлы кеше төрт айға толған. Өнер иесі соған орай жанкүйерлеріне ерекше тосын сый жасап, перзентінің түрін көрсеткен.
Отбасылық өмірін барынша жасырын ұстауды жөн көретін Дильназ бұл жолы көпшілікке ашылуға бекінген көрінеді. Ол баласының фотосын жүктеп қана қоймай, оның атын да жария еткен. Жұлдызды жұп ұлдарына Зейдан деген ерекше есім берген.
"Бұл суретте біздің Зейданға бір ай ғана болған. Ал бүгін міне баламыз төрт айға толды. Ұлымыз өмірге келгелі бізді нағыө бақытты ата-ана етті. Жаратушыма осы бақыт пен жаңа өмір үшін мың да бір алғыс. Жер бетіндегі барлық сәбилер бақытты әрі аман болсын" , - деп жазды ол.
Жас ата-ананың ұлына мұндай ат таңдауы желідегілер арасында қызу талқыланды. Олаодың көбісі бұрын-соңды Зейдан деген есімді естімеген болып шықты.
"Ерекше есім, бірінші рет естіп тұрмын" , "Қандай мағына білдіреді? Зейдан деген атты алғаш естуім" , "Қандай керемет көрініс, бақытты болыңыз. Сіз соған лайықсыз" , - деп жазуда халық.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1865190-aty---zejdan-dilnaz-ahmadieva-lymen-tsken-erekse-suretimen-blisti/