Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сене алмаймын": Әкесіне деген сағынышын жеткізген Ерке Есмахан елді жылатты

Жарияланған күні:

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде марқұм әкесіне жантебірентерлік жазба арнап, жанкүйерлерін жылатып қойды. Өнер иесі өзін еркелетіп өсірген әкесінінің қазасына әлі де көніге алмай, оның енді жоқ екеніне мүлдем сенгісі келмейді. Ең жақын адамынан айырылған жұлдыз оған деген сағынышын жеткізіп, ерекше естеліктерімен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/erke_esmahan
Фото: Instagram/erke_esmahan: Instagram

Ерке Есмахан асқар тауы әкесі туралы жүрекжарды жазбасын Instagram парақшасында жариялады. Өнер иесі онда қайғылы жағдайдан кейін алғаш рет халыққа ашылып, өз жан сырын ақтарған.

Ол бұл орны толмас қаза өзінің өмірін түбегейлі өзгерткенін айтты. Әнші енді шынымен есейгендей болғанын жеткізді.

"Әлі де сене алмаймын. Әкем қасымда мәңгі жүретіндей болатын! Міне, енді Әкемнің кеткеніне бүгін тура 1 ай болды! Қазір әкемді түсімде көргенде қуанып қаламын, оянсам таба алмаймын. Алланың ісіне көнемін, сабыр, басқа амалым жоқ. Әкем мені мұрнымнан сүйіп, "Еркетайдан Айналайын" деп еркелететін. Кішкентайымда күнде ұйықтар алдында ертегі айтатын. Мен ауылда бастауыш мектепті бітіргенше папам мен мамамның ортасына жатып келдім. Сағындым әкемді!

Кішкентайымнан естіген астан соң қайтаратын батасын сағындым! Ол батаны үй-ішімізбен жаттап алғанбыз. Батасын бермей, ешқайсымызды дастарханнан тұрғызбайтын. Дастархан басында қалжың қосып басынан өткен оқиғаларын айтып отыратын. Мамама: "мен әке-шешесіз өстім, сен болмасаң, мен осындай үлкен әулиет болар ма едім?!" - деп рахметін айтып отыратын. Менің әкешім! Әкешімді мақтап та, мақтанып та айтатын әңгімем өте көп! Әкемнің ақ шаштарын сағындым!

Жаным, әкетайым-ау, осы естелікті жылап әрең жазып отырмын! Құдайға шүкір, әкем анаммен 53 жыл отасты, үбірлі-шүбірлі болды, қартайғанша қызмет жасады, қазақ тілінің нағыз жанашыры! Шүкір, бақытты ғұмыр кешті! Шежіре жазып, ата-бабасымен мақтанып отыратын! Тілегі бала шағасының, жан жарының алдында кету еді, міне 82 жасында өзі жоспарлағандай кетті де қалды. Жоспарсыз жүрмейтін. Қызының тілегі қабыл болады деген сөз бар екен, Алладан сұрарым - әкемді жәннәттің төріне шығарып, мәңгілік өмірде жұмақтық етіңіз! Әумин! Өмір сынаптай ағып өтеді екен.

Осы кезге дейін ертегі әлемінде жүріппін, бала болыппын! Енді шынымен есейдім! Бірақ, анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды! Алладан сұрарым - анама маматайыма күш-қуат пен ұзақ өмір. Жүз жасаңыз, анашым! Әкем әркез айтатындай, сіз Алла бұйыртып, әлі Муслимнің баласының бесігін тербетесіз! Әумин! Бауырларым аман болсын! Жалынамын! Індетпен күресіп жатқан барлық отандастарыма денсаулық тілеймін! Бейбіт күн орнасын! Көңіл білдірген баршаңызға рахмет айтамын! Мені әкемдей еркелететін қазақ халқына Алла жар болсын! Мен сіздерді жақсы көремін" , - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1865662-sene-almajmyn-kesine-degen-sagynysyn-zetkizgen-erke-esmahan-eldi-zylatty/