Қыдырәлі мен Қарақаттың алтыншы баласы өмірге келді (фото)
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жұлдыздары Қыдырәлі мен Қарақаттың алтыншы баласы өмірге келді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Болмановтар әулетінің қуанышты жаңалығымен үйдің отағасы Қыдырәлі Instagram парақшасында бөлісті. Өнер иесі келіншегінің өмірге қыз әкелгенін жазып, көпшіліктен сүйінші сұрады.
"Сүйінші, сүйінші Қазақ елі! Мейірімді Алла ай мен күннен жаратып, тағы бір тәтті-ақ қыз берді... Алла қосқан ақ Қақатым балпанақтай бөпе әкелді өмірге! Аса қамқор Аллаға сансыз мадақтар болсын, Қазақ елі! Қуанышты бөліссең көбейеді деген... Перзент сұрап жүрген жандарға құдіретті күшті Алла көптеген бөпелер бергей! Әрбір отбасына бақыт берсін!", - деп жазды әнші.
Жұлдызды отбасының қуанышын естіген ел ақ тілегін жаудырып, бауы берік болсын айтып, балапанның ғұмырлы, ақылды, иманды болуын тіледі.
Сондай-ақ жаңа босанған Қарақат Әбілдина желідегі парақшасында сәбиінің аман-есен өмірге келуіне атсалысқан ақ халаттыларға алғысын айтты.
"Берекелі күз келді. Күзбен бірге дүниеге қыз келді...Бау-бақшамыз жайқалып, ел еккен егінінің жемісін көріп жатқанда алпыс екі тамырымды иітіп, маңдайында жұлдызы бар жұп-жұмыр жүрек соғып жатыр жанымда. Аллаға шүкір.
Құдай бересалғандардың аман-есен іңгәләуіна үлес қосқан ақ халатты абзал жандар, соның ішінде соңғы үш құлыншағымның кіндік анасындай болған Ләззат Лаулекқызына айтар алғысым шексіз және алғысым өзімнің Жаукама бөпемнің кіндік анасына. Осындай жақсы жандарға Алла разы болсын!", - деп жазды әнші.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жанболат пен Жазира қыздары Дараның бір жасқа толуын ерекше атап өткенін жазған едік.
Сондай-ақ балалы бола алмай жүрген әзілкеш Елдос "Колобок" сәби асырап алуға дайын екенін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1872150-kydyrli-men-karakatty-altynsy-balasy-mirge-keldi/