"Толықтай жанұя болдық": Аша Матайдың туған ағасы алғаш рет әке атанды
Жарияланған күні:
Белгілі тележүргізуші Аша Матайдың туған ағасы Айдар Асқарбек алғаш рет әке атанды. Кино саласына енді қадам жасап келе жатқан актер мен оның жары Жарқынай Ханайым қызды болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қуанышты жаңалықты қалың көпшілікке жас ананың өзі жария етті. Ол Instagram парақшасында жүрекжарды жазбасымен бөлісіп, тұңғышын босанарда қолдау көрсеткен жолдасына ерекше алғысын білдірді.
Белгілі болғандай, жас ата-ана қыздарына Айлана деген есімді берген.
"Айлана Айдарқызы. Жолдасым екеуміз Мама Папа болу бақытына бөлендік. Аллаға мың шүкір. Құттықтай берсеңіздер болады. Шүкір қол-аяғымызды жинап келеміз. Адамнан адам шығуы оңай болған жоқ. Сондай жауапты сәтте жолдасым қасымда болып, біз үшін маңызды, оң шешім қабылдады. Алысты көре білетін, өткірлігі біздің бір бағымыз болды. Ана мен бала жаңа өмірге үйренгенше әкенің тіреуі, қолдауысыз болмайды екен. Өзімізге келгенімізше бар жағдайымызды жасап, бөпеміз екеміздің ортамызда тікелей көпір болды.
Мамамыз әрқашанғыдай өзінің дана ақылын айтып, қасымызда болып, бізге үлкен тіреу болды. Мамаларымызды уайымдатқым келмей қанша тырыссақта Айлананың әжесі уайымдап, роддомға келмей отыра алмады. Енді толықтай өзіміз жанұя болып қалдық. Шынымен-ақ, бөпемізге қарағанда бәрін ұмытып кеттім. Жұғысты болсын деп тілеймін қол жайып тілеп жүрген отбасыларға. Тіл- көздеріңіз тасқа" , - деп жазды ол.
Желі қолданушылары мен жас жұбайлардың өнердегі достары оларды құттықтап, ақ тілектерін қарша жаудыруда.
Айта кетейік, Жарқынай Ханайым бастапқыда Баян Алагөзованың қол астында өнер көрсетіп, кейіннен оның шәкіртінен келініне айналып шыға келді. Әнші ару белгілі продюсердің жиеніне тұрмысқа шыққан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1875524-tolyktaj-zana-boldyk-asa-matajdy-tugan-agasy-algas-ret-ke-atandy/