Әнші Нұрсұлтан Нұрбердиев отау құрды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Отандық жас әнші Нұрсұлтан Нұрбердиев енді бойдақ емес. Өнер иесі бірер күн бұрын ғана отау құрып, үйлену тойын дүркірете тойлаған. Думанды шараның қалай өткені туралы KAZ.NUR.KZ материалында жазылған.
Нұрсұлтан Нұрбердиевтің үйленгені жайлы оны өз парақшасында белгілеп қойған той қонақтарының арқасында белгілі болды. Жас жұбайлардың қуанышына ортақтасқан көпшілік олармен түскен суреттері мен бейнежазбаларымен бөліскен.
Жас әншінің үйлену тойына барып қайтқан НТК арнасының тішілері оның жарына қатысты бірқатар тың мәліметтерді біліп қайтқан. Анықталғандай, Нұрсұлтан Нұрбердиевтің сүйіктісі 21 жаста болып шықты. Есімі - Әсел.
Сонымен қатар, өнер иесі қалыңдығын алып қашып кеткен екен.
Желі қолданушылары бірауыздан ерлі-зайыпты атанған ғашықтарды шын жүректен құттықтап, өзінің ақ тілегін қарша жаудыруда.
Еске сала кетейік, күні кеше атышулы әнші Say Mo-ға танымал актер Шәріп Серік үйленуге ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алды. Жұлдызды жұп қарым-қатынасын ұзақ уақыт бойы қалың көпшіліктен жасырып келген. Сол себепті, оларға қатысты мұндай жаңалықты ешкім күтпегендіктен аса қатты таңғалған.
Актер жігіт сахнада ғашығына ән салып, кейін оның алдында тізерлеп сақинаны алып шықты. Қос ғашықтың ерекше сәтіне олардың барша жақын достары ортақтасты. Белгілі блогерлар енді Мөлдір мен Шәріпті емін-еркін түрде бірге түсіре беруге болатынына қуанды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1878739-nsi-nrsltan-nrberdiev-otau-krdy-foto-video/