Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі "Орел и решка" жүргізушілері тағы да Қазақстанға келді (фото)

Жарияланған күні:

Антон
Фото: orelireshka_official

Ерекше танымалдыққа ие "Орел и решка" бағдарламасының жүргізушілері тағы да Қазақстанда болып қайтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы "Орел и решка" бағдарламасының ресми Instagram парақшасы жазған. Олар бағдарлама жүргізушісінің қазақ үй қасындағы суретімен бөлісіп, жазба қалдырған.

"Антонға қарап, артынша тұлпарына қараңыздар. Жылқыға қарап, сосын қайтадан Антонға көз жүгіртіңіз. Иә. "Әлем ғажайыптары" Қазақстанда", - деп жазылған желіде.

Жазбаны көрген желі қолданушылары қуанышты екендерін жеткізіп, пікірлерін жаудырды.

"Сіздер Қазақстандасыздар ма?", "Алақай, көптен күттік", "Антон бұл малақаймен дүниеге келгендей", "Керемет", "Сене алар емеспін", - деп жазған желі қолданушылары.

Сол арада Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Tengrinews.kz тілшісіне бұл ақпаратты растап берді.

"Барлық келісім, рұқсатын алдық. "Орел и решка" жобасының түсірілім тобы Қазақстанға қайта келді және ендігі кезекте Алматы облысын түсіреді", - деді Kazakh Tourism ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев.

Ол Қазақстан туралы екі шығарылымның бірі Алматы облысы болса, екіншісі қайсы екенін табуды оқырмандардың өзіне қалдырды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан туралы соңғы шығарылым Нұр-Сұлтанда түсірілген болатын. Сол кездегі бағдарлама жүргізушілері Анастасия Ивлеева және Антон Птушкин елорданың ерекше ғимараттарын сөз еткен еді.

Одан бөлек, Қазақстандық блогер, экс-депутат Тәңірберген Бердоңғаров "Орёл и решка" бағдарламасының жүргізушісі Анастасия Ивлеваның сұхбатын сынап тастаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1879455-jgili-orel-i-reska-zrgizusileri-tagy-da-kazakstanga-at-basyn-brdy-foto/