"Әртіс өзі біледі": Отандық әншілер фонограмма заңына қатысты бар ойын айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық эстрада өкілдері фонограммаға тыйым салатын жаңа заңға қатысты қандай пікірде екендерін ашық айтты. Кейбір әншілер өнерді заң жүзінде қадағалауға қарсылығын ашық білдірсе, кейбірі онда тұрған ештеңе жоқ деген ой түйді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бүгінгі күні фонограмма туралы жаңа заң әртістер арасында қызу талқыға түсті. Өнер иелері НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сұхбат беріп, бұл мәселеге қатысты өз ойларымен бөлісті.
Еске салсақ, енді әншілер концертте фонограма қолданатын болса, ол туралы тыңдарманды алдын-ала ескертуі тиіс. Бұл қаулыны естігін экс-«Кешьюлік» Элизат Берікова «елімізде әншілерге ешқандай жағдай жасалмаған» деп, өкпе-назын білдірді.
"Бізде Қазақстанда мысалы той-томалақтарда, тойлардың ішінде немесе бір басқа завиденияларда ішінде аппаратуралар өте нашар, өте нашар. Дыбысы дұрыс шықпайды, микрофон дұрыс емес, дұрыс жөнделмеген" , - деп ағынан ақтарылды ол.
Фонограммамен қатар, енді концертте сахна мәдениеті туралы ұмытқан әртістерге айыпбұл салынбақ. Кеште мас күйінде ән айтқандар, балағат сөздер білдергендер заң алдында жауапқа тартылады. Айдана Меденова бұл өзгертулерді қолдайтындар қатарында.
"Сахна мәдениеті сол, жақсы дұрыс қалыпта шығу. Өзіңнің тұрыс, образың барлығы нормада болу керек. Шеттен шығып кетпеу керек. Бәрі сондай бір, тәрбиелі, ең бастысы сол шеттен шығып кетпеу керек" , - деді Меденова.
Десе де, өнер иелері арасынан заңға қатысты қарсылық танытқандар да табылды. Олардың пікірінше, өнер адамдары тәуелсіз болуы қажет.
"Негізі мен қарсымын, ондай нелерге. Себебі әр әртіс өзі біледі қалай не істеу керек. Өнер деген ол заңға жатпау керек. Себебі, өнер деген ол тәуелсіз болу керек" , - деді Кентал.
Оның айтқанына жас рэп орындаушы 2RAR да қосылды.
"Өнерді шектемеу керек. Жаңағыдай, әннің мәтініне заң жүзінде қадағалайтын болса, әннің текстін. Қатты кірісіп кетпесе болғаны, сол нәрсеге әрбір сөзге тиісіп не істеп, заң жүзінде деп, сол маңызды" , - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1879946-rtis-zi-biledi-otandyk-nsiler-fonogramma-zayna-katysty-bar-ojyn-ajtty/