Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Биші қыз": Ажырасып кеткен Дидар Кәден жаңа сүйіктісін көрсетті (фото)

Жарияланған күні:

Дидар Кәден сүйіктісімен
Фото: Instagram/didarkadenkz

Отандық танымал актриса Лидия Кәденованың ұлы ұзақ уақыт бойы көптен жасырып келген ғашығын көрсетті. Бірінші некесі сәтсіз аяқталған Дидар Кәден жаңа сүйіктісін қалың көпшілікке бірден жария еткісі келмегенін алға тартты. Белгілі композитордың жүрегін жаулай алған ару жайлы толық мәліметті KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Дидар Кәден алғаш рет жүрегіндегі аруы жайлы НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасында айтқан. Композитор қарым-қатынасына қатысты жан сырын ақтарып, тәң мәліметтермен бөлісті.

Анықталғандай, Лидия Кәденованың ұлын өзіне ғашық еткен бойжеткен де өнерден алыс емес болып шықты. Бір рет ажырасып үлерген Дидардың жүрегінен орын таба алған ару кәсіби түрде бимен айналысады. Есімі - Лейла, жасы - 24-те.

"Өне адамы. Ол - биші. Мемлекеттік "Салтанат" би ансамблінде билейді. Есімі - Лейла. Мен ұзақ уақыт бойы жарияламай келдім. Негізі, біз карантиннің алдында таныстық. Рамазан айында сөз байласып, танысып, табысып енді байқап отырсаңыз біраз уақыт өтіпті. Жарты жыл болыпты. 96 жылғы ару. Құдай қаласа, тойдың да ауылы алыс емес. Бәрі карантинге байланысты" , - деп айтты Дидар Кәден.

Еске сала кетейік, Дидар Кәден бұған дейін Айым Алтынбекова есімді арумен шаңырақ көтеріп, дәм-тұздары жараспай ажырасып кеткен болатын. Олардың ортақ Дияр есімді ұлдары бар. Бүгінде ол анасымен бірге тұрады.

Айта кету керек, Жұлдыз Өмірғали жолдасы Айқын Төлепбергеннің үшінші әйел алу шешіміне қалай қарайтынын айтты. Ол мұндай жағдайға тап болғанда не істейтінін ашық түрде жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1879971-bisi-kyz-azyrasyp-ketken-didar-kden-zaa-sjiktisin-krsetti-foto/