"Жақсы көрем": Ернар Айдар көпшіліктен жасырып келген келіншегін көрсетті (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ернар Айдар ұзақ уақыт бойы халықтан жасырып келген әйелін көрсетті. Өнер иесі келіншегі екеуінің отбасылық мұрағаттағы суреттерімен бөлісіп, оған деген сезімін білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұған дейін жарының түрі көрінбей қалған суреттерін жариялап келген Ернар Айдар бұл жолы оны Instagram парақшасында алғаш рет көрсетті.
Эстрада жұлдызы келіншегі екеуінің қыз бен жігіт болып жүрген кездегі және үйлену тойындағы фотоларымен бөлісіп, барша жанкүйерлерін қуантып қойды.
Өнер иесі қалың көпшілікке әйелінің түрін көрсетіп қана қоймай, желіде оған деген ыстық сезімін білдірген.
"Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен. Әр отбасыға бақыт тілеймін" , - деген жазба қалдырған шоу-бизнес жұлдызы.
Ернар Айдардың табынушылары келіншегін ақыр-соңы көрсеткен әншіге тәнті болып, оның отбасына ақ тілегін жаудырды.
"Келіншегіңізді бірінші рет көріппін. Неткен сұлу ару" , "Бақытты болыңыздар, ағасы. Жеңгемізді әйтеу дегенде көрсеттіңіз ғой" , "Қанша уақыттан бері көрсеттіңіз-ау" , "Келіншегіңді көрдік-ау, бақытты болыңдар" , "Алғаш рет түрін көрсетіп тұр. Ризамын. Махаббаттарың баянды болсын. Балалы-шағалы болыңдар" , - деп жазуда көпшілік.
Еске сала кетейік, қазақстандық танымал жұлдыздардың көбісі жарын жасырып жүреді. Мәселен, белгілі хитмен Қайрат Нұртас та әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованы тек он жылдан кейін ғана көрсетіп, қалың жұртшылыққа таныстырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1880213-zaksy-krem-ernar-ajdar-kpsilikten-zasyryp-kelgen-kelinsegin-krsetti-foto/