Мейрамбек Бесбаев: Менен асқан күйеу бала жоқ шығар
Жарияланған күні:
Отандық шоу-бизнестегі басты жұлдыздарының бірі Мейрамбек Бесбаев келіншегінің ата-анасынан оны өмірлік жары етуге рұқсат сұрауға барғанда қандай жауап алғанын есіне алды. Белгілі болғандай, Мархабат ханымның отбасы қос ғашыққа екі түрлі себепке байланысты үйленуді кейінге қалдыру керек екенін айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мейрамбек Бесбаевтың ата-енесі біріншіден, қыздарының тым жас екенін алға тартқан. Екінші себеп, оның өнер адамы болғаны асқан сенімсіздік тудырған.
Алайда, уақыт өте келе эстрада жұлдызы өзіне күмәнмен қараған жарының ата-анасына олардың сол кезде бекерге уайымдағанын дәлелдеді. Әншінің сөзінше, бүгінде одан асқан күйеу бала жоқ.
Өміріндегі аса ерекше сәті туралы ол "Опмай-Опмай" бағдарламасына берген сұхбаты барысында айтып берді.
"Биыл отау құрғанымызға 16 жыл болыпты. 2004 жылы некелескен едік. Ол кезде жасы 18-де болған. Ата-анасымен танысуға барғанда анасының "ең болмаса 18-ге толып алсын да" дегені бар еді. Енді әртіс деген қауымға жұрт бұрыннан бері сеніңкіремейді ғой. Ол кісілер де сол себепті күмәнданған сияқты.
Бірақ, бүгінде менен асқан күйеубала жоқ шығар енді. Бірақ, бажам бар. Екеуміз тату-тәттіміз, жақсы араласамыз. Мархабаттың әкесі де жақсы кісі еді. Өткенде қайтыс болды. Алайда, өле-өлгенше риза болып, батасын беріп кетті бізге. Біз енді отбасымызбен осы уақыт аралығында сіңісіп кеттік қой" , - деп ағынан жарылды Мейрамбек Бесбаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мейрамбек Бесбаев жұлдызды достарымен бірге әйелінің туған күнін атап өткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1880334-mejrambek-besbaev-menen-askan-kjeu-bala-zok-sygar/