Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айгүл Иманбаева: Ұлым маған өз азаматыңды тап деді

Жарияланған күні:

Айгүл Иманбаева ұлымен
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Айгүл Иманбаева өзінің жеке өміріне қатысты ұлы не ойлайтынын ашық айтты. Ол анасына өз азаматын табуға тілегін білдірген. Әншінің перзенті оның жалғыз болғанын қаламайтынын жеткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаеваның Сәбит Әбдіхалықовпен некеде туған ұлы бүгінде анасының болашағы үшін алаңдаулы. Әкесінің жеке өмірін құрып жатқанына куә болып отырған Аслан Әбдімүтәлиев анасына да жан-жағына қарайласып, өз азаматын табу керек екенін алға тартты.

Жас режиссердің пікірінше, жұлдызды анасы кез келген ер адамды бақытты ете алады. Ол анасын әйел затының эталоны санайтынын айтқан.

Иманбаева ұлының өзіне айтқан келелі кеңесі туралы жан сырын "Таңшолпан" бағдарламасында ақтарды.

"Ұлым түсірген фильмді көргеннен кейін, өксік қысып, булығып кеттім. Өз басымыздан өткен тағдыр да бар. Сол кезде балама хабарласып едім. Ол "Мама, бірінші бір Алла болса, екінші апа екеуіңнің маған берген тәрбиелерің ғой. Сіздерге алғысым шексіз" деді. Ұлым кино барысында менің айтатын әңгімемді негізге ала отырып, менің философияммен түсіргенін айтты. Ол "сен маған миымда да, ойымда да жол көрсетіп отырдың" деді. Соған қатты қуандым.
Оған қоса, ол "Әкем өмірін жайғастырды ғой. Мен әлі жаспын. Сен енді өз азаматыңды тапшы. Сен кімді болса да, бақытты ете алатыныңа сенемін. Сен мен үшін әйел затының иделы мен эталоны болып табыласың" деді. Бұл аудиосын тыңдап көзге жас келді " , - деп ағынан жарылды Айгүл Иманбаева.

Иманбаеваның сұхбатынан үзінді Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланды.

Айта кетейік, Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың ортақ ұлы Аслан Әбдімүтәлиев жақында ғана әкесіз өскен балалар жайында фильмін ел назарына ұсынды. Жас режиссердің жаңа туындысында оның әкесі де, анасы да бой көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1887379-ajgl-imanbaeva-lym-magan-z-azamatydy-tap-dedi/