Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыран қайда": Айжұлдыз Адайбекова екі ойлы жазбасымен елді алаңдатып қойды

Жарияланған күні:

Айжұлдыз Адайбекова
Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Әнші Жанар Айжанованың жалғыз қызы Айжұлдыз Адайбекованың жеке өмірі бүгінде ел талқысына түсті. Жақында ғана тұрмысқа шыққан жас дизайнер жолдасымен түскен фото және видеоларын өшіріп тастап, оны желіде оқымайтын болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қос ғашықтың арақатынасы үшін асқан алаңдаушылық білдірген халықтың үрейі Айжұлдыздың екі ойлы жазбасынан кейін одан бетер өрши түскен. Желі қолданушылары Жанар Айжанованың қызын бірден сұрақтың астына алып, оған Қыран Талапбекке қатысты сауалдарын жаудырған.

Адайбекованың Instagram парақшасында жарияланған жазбасында өмір қиындықтарына барынша төзіп, мықты бола білу туралы айтылған. Дизайнер сынық қанаттармен де ұшып үйрену керектігін алға тартқан.

Сонымен қатар, ол кешірімді болуға, адамдарды жібере білуге шақырды.

"Қазіргі таңда, аватардың білімі туралы көп зерттеп ұғынып жатырмын. Сол себепті, ойлау қабілетім де өзгеріп жатыр. Чакралар тілін түсінудемін. Өзімді түсіне бастадым. Өзімді жақсы көремін. Айналамдағыларды жақсы көремін. Өз бойымда жетіспеген қасиеттерді дамытып жатырмын.

Бұған дейін басымда көптеген жауапсыз сұрақтар мен реніштер болды. Мен олардың себеп-салдарын түсіне алмай келдім. Алайда, өзімді толығымен қабылдағаннан кейін ғана мен жаңадан туылғандай болдым. Бәлкім, оған кешірімнен кейін келген болармын. Оңай болған жоқ. Себебі, көптеген пікірлер мен жайттар болды. Алайда, осының бәрінен өтіп, мен өзімнің энергиямның мықтылығына көзім жетті.

Кешіріп, жаңа қанаттарға ие болу. Бұл сенің қолыңнан келер ең мықты нәрсе екені анық. Мен өмірімдегі әр адамға, тағдырыма, маған жаңа эмоция сыйлайтын жандарға айтар алғысым шексіз. Саған берер кеңесім: егер расымен мықты болғың келсе, сынық қанаттармен қайтадан ұшуды үйрен. Кешірімді бол. Жақсы көр. Жібере біл" , - деп жазды ол.

Бұл жазбадан кейін желідегілер Айжұлдыз Адайбековадан оның жолдасы қайда екенін сұрауға кірісті. Кейбір оқырмандар жас жұбайлардың айырылысып кеткені жайлы болжамдарын да жасап үлгерді.

Алайда, ерлі-зайыптылар бұл ақпаратты нақты ресми түрде растап, қандай да бір пікір білдірген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1888305-kyran-kajda-ajzldyz-adajbekova-eki-ojly-zazbasymen-eldi-aladatyp-kojdy/