Айгүл Мүкей үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін растады (фото)
Жарияланған күні:
Отандық танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей жақында тағы да ана атанбақ. Үшінші сәбиін күтіп жүргенін ақпарат өкілінің өзі әлеуметтік желіде растады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айгүл Мүкей жақында отбасы тағы бір сәбимен толығатынын Instagram парақшасында хабарлады. Тележүргізуші бірнеше ай бойы қалың көпшіліктен жасырып келген құпиясын ақыр-соңы жария етуді жөн көрген.
Ақпарат өкілі босануына аз уақыт қалған шақта жақын құрбыларын жинап, перзентінің жынысын анықтау кешін ұйымдастырған. Бүгінде аяғы ауыр жандар арасында танымалдылыққа ие болып жатқан "Gender party" шарасына тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы да келген.
Қос ақпарат өкілі де көңілді өткен кештің фотоларымен бөлісіп, желі қолданушыларын біраз таңғалдырды. Айгүл Мүкейдің аяғы ауыр екенінен бейхабар болған қалың көпшілік бұл жаңалыққа аса ерекше қуанды. Оны желідегі қалдырылған пікірлерден-ақ білуге болады.
Оқырмандар танымал журналисті шын жүректен құттықтап, оған деген жылы лебіздерін жаудырған. Олар аяғы ауыр тележүргізушіге аман-есен босанып, перзентін бауырына басуын тіледі.
Айта кетейік, бұл Айгүл Мүкей үшін үшінші перзент болмақ. Ақпарат өкілі бүгінде бір ұл мен бір қыз баланы тәрбиелеп отыр. Алайда, тележүргізуші жеке өмірін көпшіліктен барынша жасырын ұстайуға тырысады. Ол әлі күнге дейін жолдасын көрсетіп, оның кім екенін ресми түрде айтқан жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1889497-ajgl-mkej-sinsi-sbiine-aagy-auyr-ekenin-rastady-foto/