Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкесіне ұқсайды": Мөлдір Әуелбекова ата-анасын көрсетті (фото)

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекованың ата-анасы
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Мөлдір Әуелбекова желіде ата-анасының суретін жариялап, қалың көпшілікті тәнті етті. Өнер иесі Instagram парақшасы арқылы анасын туған күнімен құттықтап, оған жүрекжарды жазбасын арнаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отбасына қатысты мәліметтерді барынша жасырын ұстайтын Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ата-анасының фотосымен бөлісті. Әнші анасының туған күніне орай аталмыш суретті жариялап, барша оқырмандарын қуантты.

Эстрада жұлдызы ата-анасының фотосының астына "туған күніңізбен Жәннәтім! Ата-анам байлығым мен бақытым" деген қысқаша жазба қалдырып кеткен.

Желі қолданушылары бірден өнер иесінің құттықтауына ортақтасып, туған күн иесіне өз ақ тілектерін жолдады.

Оған қоса, аталмыш сурет кесірінен Әуелбекованың жанкүйерлері арасында қызу пікірталас туды. Олар әншінің кімге көбірек ұқсайтынын анықтай алмай әлек болды. Бірі оның әкесінен айнымай тұрғанын жазса, енді бірі анасына қатты ұқсайтынын айтуда.

"Жастары ұзақ болсын, ауырмасын! Аллаһ Тағала екі дүние жақсылығын, ұзақ ғұмыр берсін! Балаларының тек жақсылығын көрсін! Құттықтаймын", "Алла ұзақ ғұмыр берсін. Қызыңтарына тоймай жүре беріңіз" , "Әкесінің қызы екен. Әкеңізге қатты ұқсайсыз" , "Меніңше, анасына көбірек келетін секілді" , "Әкесінің көшірмесі ғой" , "Бәрібір папаңызға көбірек тартыпсыз. Бірақ, мамаңызға да ұқсайтын тұстарыңыз бар" , - деп жазды қалың көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1897102-kesine-ksajdy-mldir-uelbekova-ata-anasyn-krsetti-foto/