Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үлкен ұрыс болды": Әкесінің үйден кетіп қалған сәтін еске алған Омарова жылап жіберді

Жарияланған күні:

Зарина Омарова жылап отыр
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал әнші Зарина Омарова ата-анасының ажырасуына қатысты бар шындықты айтты. Өнер иесі оған не себеп болғанын жеткізіп, әкесінің үйден кетіп қалған сәтін есіне алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Зарина Омарова ата-анасының айырылысуы өміріндегі аса ауыр кезеңдердің бірі болғанын жасырмады. Әнші ол кезде небәрі үшінші сыныпта оқыған болып шықты.

Өнер иесі үйде түрлі келіспеушіліктер орын алғанын айтып, анасы мен апасының қарым-қатынасына қатысты тың мәліметтермен бөлісті. Ол әкесінің үйден кетіп қалған сәтін есіне алып, тіпті көзіне жас алды.

Омарова отбасы жайлы ешкімге айтпай жүрген жан сырын "Ең алғашқы" бағдарламасында ақтарған.

"Әкемді жамандағым келмейді. Әкем - менің асқар тауым. Бірақ, менің үшінші сыныпта көрген ауыртпашылығым үлкен болды. Мен үшін бұл өте қиын кезең болды. Анам, мен, сіңілім және інім төртеуміз қалдық. Енді бұл жағдайды тағдыр деп есептеймін. Негізі, менің ата-анам бір-бірін жақсы түсінетін. Әкем шығармашылықтың адамы болғандықтан, үнемі гастрольдерде, іс-сапарларда жүретін. Анам үйде балалармен қалатын. Сосын апам көшіп келді. Барлығымыз бірге тұрдық. Екеуі келіспей қалатын жағдайлар да болды. Үйде түсініспеушіліктер болды.
Үлкен ұрыс болды. Сосын әкем кетіп қалды. Апам екеуінің кетіп қалған сәті әлі есімде. Сол кезде анама бір Алла ғана көмектесті. Өзімнен кейінгі сіңлім мен інім де ол кезде кішкентай, көп нәрсені түсінбейді. Ал мен анамды жақсы түсіндім. Бізді жеткізді, бізді аяққа тұр,ғызды. Анамның алдында бас иемін. Қазір әкемді де кінәламаймын. Оның ортасы шоу-бизнес, құмарлық болды. Алайда, анам қатты қиналды. Көрген бейнер көп. Дегенмен, әкемді толықтай кешірдім. Өзім отбасылы болғанда бәрін түсіндім" , - деді Зарина Омарова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1897249-ulken-urys-boldy-akesinin-uiden-ketip-qalgan-satin-eske-algan-omarova-zylap-ziberdi/