"Жасырғым келмейді": Атышулы Say Mo-ның аяғы ауыр екені рас па (фото)
Жарияланған күні:
Қалың көпшілікке Say Mo лақап атымен танылған әнші Мөлдір Есембектің әлеуметтік желіде жария еткен кезекті суретті жұрттың қызу талқысына түсті. Көпшілік оның аяғы ауыр деген болжам жасауда. Айта кету керек, әртіс қаңтар айының соңында ғана жолдасымен заңды түрде ажырасып кеткен болатын деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Атышулы Say Mo өз парақшасында іші шығып қалған фотосымен бөлісіп, Instagram желісін шулатты. Әнші суреттің астына "енді жасырғым келмейді" деген жазба қалдырған.
Желі қолданушылары бірден өнер иесінің соңғы жариялаған фотосын қызу талқыға салған. Қалың көпшілік Мөлдір Есембектің сәби күтіп жүрген болуы мүмкін екеніне қатты таңғалып, бұл ақпаратқа сенбестік танытқан.
Әншінің оқырмандары oның суретіне екі түрлі ой білдірді. Бірі ол үшін аса қатты қуанып, өз ақ тілектерін жолдап жатты. Ал желідегілердің тағы бір бөлігі оның аяғы ауыр екеніне сенімсіздік танытты. Олардың пікірінше, әнші барлығын хайп үшін жасап жатыр.
"Шынымен солай болғаны ма? Мөлдір құтты болсын. Сен жақсы ана боласың" , "Сене алар емеспін. Жүктілігің жеңіл өтіп, сәбиіңді аман-есен босан" , "Өтірік секілді. Бұл ақпаратқа сенбеймін. Хайп үшін секілді, жаңа әндері шықты дегендей" , "Жақында ғана ажырасып кетіп едің ғой. Аяғы ауыр екеніне қатты сенбеймін негізі" , "Құтты болсын. Сіз үшін қатты қуаныштымыз" , "Сене салдық. Өтірік қой. Ертең-ақ жалған екенін айтады" , "Егер бұл рас болса, бұл керемет жаңалық. Мөлдір сен ана бақытына лайықтысың", - деп жазуда желі қолданушылары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1898493-zasyrgym-kelmeidi-atysuly-say-mo-ayagy-auyr-ekenin-zariyalady-foto/