Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалың мал бермедім": Әнші Son Pascal қазақ қызына үйленді

Жарияланған күні:

Son Paskal жарымен
Фото: Instagram/sonpascal

Отандық шоу-бизнес саласында Son Pasсal лақап атымен танылған әнші Паскаль Каприно осыдан алты ай бұрын шаңырақ көтерген. Қазақстанда он жылға жуық тұрып жатқан италиялық әншінің таңдауы қазақ қызына түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Талай арудың арманы болған Son Pascal енді ресми түрде бойдақ емес. Әнші басы бос жұлдызды жігіттердің тізімінен алты ай бұрын шығып кеткені белгілі болды. Бұл туралы өнер иесінің өзі айтып берді. Көптен бері ел алдына шықпай кеткен Паскаль Каприно "Алматы" арнасына ерекше сұхбат беріп, өміріндегі өзгерістерімен бөлісті.

Шоу-бизнес өкілі карантин режимі кезінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, онымен бірге отбасын құруға бекінеді. Жас жұбайлар шектеу шаралары салдарынан ауқымды той жасамай, тек ет-жақындарына шағын мерекелік шара ұйымдастырған.

"Менің Қазақстанда тұрып жатқаныма тоғыз жыл болды. Сол себепті күйеубала болу мен үшін бұл табиғи құбылыс деп есептеймін. Мен керемет қызды жолықтырдым. Біз көп ұзамай үйленуге шешім қабылдадық. Мен 34 жасымда отбасын құрдым. Қазақи стандарт бойынша мен кеш үйленген болып саналады екенмін. Бізде екі той болды. Сіздерде қазақи дәстүр бойынша алдымен қыз ұзату, одан кейін үлкен той жасалатынын білемін. Алайда, бізде олай болмады. Біз екі үйлену той жасадық. Екі жақтан да туыстарымыз көп болған соң, біз оларды екі түрлі тойға бөліп тастадық. Бізде құдалық деген нәрсе тойдан кейін болды. Әрине, кейде қиын. Оның туысқандары "ұйғыр ма, тәжік пе?" деп менің ұлтымды талқылап сұрастырып жатады. Жарым бұл жайтқа алаңдайды. Ал маған бәрібір. Бұл өмір" , - деді ол.

Сонымен қатар, Son Pascal жары үшін қандай көлемде қалың мал бергенін ашық айтты.

"Мен оның отбасына ақша бермедім. Бірақ, меніңше, біз өте заманауи жанұямыз. Біз салт-дәстүр секілді жайттардан еркін өскенбіз. Алайда, бір-бірімізді өте қатты сыйлаймыз. Бұдан асқан нәрсе жоқ. Оның маған тұрмысқа шыққанының өзі жақсы инвестиция ғой. Қалжыңдаймын. Керісінше, маған осындай қыз кезігіп жолым болды. Мен оны тапқаныма қуаныштымын" , - деді әнші.

Son Pascal-дың сұхбатынан үзінді Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1898965-qalyn-mal-bermedim-ansi-son-pascal-qazaq-qyzyna-uilendi/